Бұл сайыс бұынғысынан өзгерек. Ерекше форматта шахмат сайысы өтті. Интеллектуалды ойында қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан» қызмет алушы зейнеткерлер мен қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» жас шахматшылары шаршы тақтада сынға түсті.
Шахмат сайысының мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы, зияткерлік ойынды дамытып, кеңінен насихаттау. Спортқа деген қызығушылықты арттырып, жас дарындарға қолдау көрсету.
Ардагерлердің көңілін сергітіп, жастарға жігер берген іс-шара қызықты әрі тартысты өтті. Жарысқа шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, түркістандық жас шахматшы Сұлтанхан Нұрислам қатысты.
Шаршытақтаның жас шеберлері арасында алғашқы орынды Сұлтанхан Нұрислам иеленіп, II орын Мұхаммедәмин Мәуленұлына, III орын үздік ойыншы Нұрислам Абдуғаппаровқа бұйырды.
Орталықтағы ардагерлер арасында I орын Сембек Дүйсекбайға, II орын Ерсін Жарқынбекке бұйырды. III орынға Әуез Ахметов ие болды. Сайысқа қатысқан 24 шахматшы да өз шеберліктерін көрсете білді.
Ойы ұшқыр, өресі биік ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткен сайыс соңында ардагерлер ұйымдастырушыларға алғысын айтып, жас буынға бата-тілегін жеткізді.
Түркістандағы «Рәміздер» алаңында 25 қазан – Республика күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні шырқалып, Көк байрақ желбіреді. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ел ағалары, жастар, қала тұрғындары […]
Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Премьераны тамашалауға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. «Жан […]
Түркістан қаласы тағы бір мәрте ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды әлемдік деңгейде танытқан орталық ретінде танылды. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Global Book of Records» кітабына енген ерекше жобаның авторлары мен қолөнер шеберлерін қабылдап, олардың еңбегіне […]
Пікір қалдыру