Қала аумағындағы көшелердің шұңқырлары жамалып, күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Бригадалар бірінші кезекте көліктердің қауіпсіздігіне әсер ететін орталық магистрал және ішкі орам көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар жол қозғалысына қолайлы болу үшін жоспарланған 400 қалқымалы қақпақшаның жартысынан астамы орнатылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар Еңбекші ауданындағы 60-тан астам көшеде атқарылды. Сондай-ақ Қаратау ауданындағы Қайтпас, Бозарық елдімекендерінде, Абай ауданындағы Достық, Самал-2,3 елдімекендерінде, Әл Фараби ауданы Сәуле елдімекенінде жалғасуда.
Осыған дейін Тұран ауданы Қызғұрт елдімекеніндегі 20-дан астам көше жөндеуден өтті. Олар: Оңдасынов, Жандарбеков, Мақталы, Отырар, Ақжар, Мамина-Сибиряка,Алтын сақа, Үсенов, Қожанова, т.б көшелері.
Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың өтініштері бойынша бұл жұмыстар жалғасатын болады.
Сондай-ақ, қоғамдық көлік жүйесін оңтайландыруға қатысты ұсыныстар мен өтініштер қала әкімінің жеке қабылдауында, азаматтармен кездесулерде көтерілген болатын. Осыған орай, кезекті тариф және маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияның отырысында бірқатар ұсыныстар талқыланды.
1 тамыздан бастап қала тұрғындарының өтініштері бойынша №16, №66, №70, №71, №69 бағыттардағы автобустардың сызбалары мен кестелері өзгертілді.
Қазіргі таңда, 276 орамдағы Тұрсынбайұлы көшесі тұрғындарының өтініштеріне сәйкес, №16 автобус маршрутының сызбасы ұзартылды
— №66 автобус маршрутының сызбасы Тұран шағын ауданы Қазтуған жырау көшесі арқылы ұйымдастырылды
— №71 автобус маршрутының сызбасы Аймауытов көшесі арқылы оңтайландырылды
— №70 автобус маршрутының сызбасы тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, Бөлешов көшесінен 600 метрге ұзартылды
— №69 автобус маршрутына кесте қосылды, яғни жұмыс күндері 13 автобус, демалыс, мереке күндері 10 қоғамдық көлік жолаушыларды тасымалдайды
— Сайрам елдімекенінің орталығы Ю.Сареми көшесінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты №139 бағыттағы автобустардың сызбасы уақытша өзгертілді.
Еліміздегі үш мегаполистің бірі — Шымкент қаласында жаңа Конституция бойынша өтетін жалпыұлттық референдумды қолдауға арналған «Елді жаңғырту жолында біргеміз!» атты кең ауқымды акция өтті. Іс-шара «Қызғалдақ» сарайында ұйымдастырылды. Жиынға мыңға жуық қала тұрғыны қатысты. Олардың […]
Бұл жөнінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков өзінің әлжелідегі парақшасында жазды. «Басрақмаға қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы АИТВ-ның алдын алу, күту және емдеу бойынша халықтың негізгі топтары […]
Шымкентте қала тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс күндіз-түні атқарылып жатыр. Қарқынды түрде қызмет етіп жүрген қаланың «тазалық сақшыларының» жұмысы мереке күні бірнеше есеге күшейеді. Жалпы қызметкерлер үш ауысымда, тұрақты түрде жұмыс істейді. Қалалар тазалығы – […]
Пікір қалдыру