Тұрғындарға заманауи технологияларды пайдалануға қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық орындарды тегін Wi-Fi желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Былтыр қаладағы 20 қоғамдық орынға 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылған болатын. Қазір қосымша тағы 5 қоғамдық орынға 15 Wi-Fi құрылғысы орнатылып, жалпы саны 70 Wi-Fi құрылғысы іске қосылды. Тегін Wi-Fi желілері саябақтарда, алаңдарда, мәдени орталықтарда және басқа да орындарда интернетке қосылып, қажетті ақпаратты жылдам алуға, жұмыс істеуге, білім алуға, немесе әлеуметтік желілерді пайдалануға мүмкіндік береді. Желілер қаламызда Бәйдібек би алаңына, Әкімдік маңына, Аэропортқа, Дендросаябаққа, Нұрсат аллеясына, Назарбеков көшесіндегі гүлзарға орнатылды.
Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін «2GIS» қосымшасына арнайы бөлім енгізілді. Бұл бөлімде жедел қызметтердің байланыс нөмірлері, олардың орналасқан жері және қаладағы тегін Wi-Fi желілері туралы толық ақпарат көрсетілген. Мұндай шешім қала тұрғындарының қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуін жеңілдетеді және қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға септігін тигізеді.
Шымкент қаласында жол қозғалысы ережелерін және қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған жүргізуші полиция назарынан тыс қалмады. Қаланың бейнебақылау камералары арқылы анықталған құқық бұзушының әрекеті жолдағы өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндірді. Оқиға 20 […]
Сотрудники Департамента полиции Шымкента в рамках мероприятий по противодействию киберпреступности провели масштабную операцию, в ходе которой была пресечена деятельность группы, занимавшейся интернет-мошенничеством на территории Шымкента, Алматы и Алматинской области. В результате следственных действий установлено, что […]
Театральное искусство оказывает глубокое влияние на душу человека и играет важную роль в духовном обогащении общества. Многие великие личности высказывались о его силе и значении. Так, Габит Мусрепов характеризовал театр как «прозрачное искусство, подобное слезам […]
Пікір қалдыру