Шымкент қаласы аумағында 4500-ге жуық көше бар. Қала бойынша орталық 747 көшенің 522-сі жарықтандырылған.
Биыл аудан әкімдіктерінің ұсынысымен қажетті 1048 көшеге жарықшамдарын орнату жұмыстары жоспарланған. Шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелерін жарықтандыруға басымдық берілуде.
Бүгінде Әл-Фараби және Тұран аудандары аумағындағы 60 көшеге бағаналар орнатылды.
Айта кетейік, 2021 жылы 107, 2022 жылы 105 ал, 2023 жылы 90 көше жарықтандырылған болатын. Қазір жарықтандыру жұмыстары ішкі орам көшелерде басталды.
Президент тапсырмасына сәйкес, халыққа қолайлы қала қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Оның ішіне тазалық жұмыстары, жол жөндеу жұмыстары және де жоғарыда айтылған көшелерді жарықтандыру жұмыстары кіреді. Жарық сәулелі көшелер қаланың шырайын кіргізіп қоюымен қатар, қауіпсіздігіне әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда тек үлкен көшелерде ғана емес, шағын аудандардағы қысқа көшелерге де жарықшамдар толығымен орнатылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен қалаларда тұрғындарға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орынау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі «Шымкент қаласын жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасын әзірлеген. Жобаның аясында өткен жылдары Шымкентте 136 көше жарықтандырылды. Солардың арасында шалғай елді мекендер мен шағын аудандардағы Гүлдала, Жоламан, Ағайынды Тәжібаевтар, Сыздықов, Егемен ел, Қазына, Әлмахан қажы және Жабай ата, Аргоферма Қарасу, Ақсуат секілді көшелерді атап көрсетуге болады.
Мұнан бөлек қаладағы 30 көшедегі ескі жарық шамдар, заманауи LED шамдармен алмастырылды. Шамы жаңарғандардың арасында Темірлан тас жолы мен Ю.Гагарин, Түркістан, Төле би секілді орталық көшелер де бар. Қаладағы жарықтандыру желілері автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Диспетчерлік орталықта қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығын көрсететін бұл жүйеге әзірге 40 көше қосылған. Жыл соңына дейін 100 көше қосылады деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда қала аумағындағы 1 262 гектарға саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді. Жоспарға сәйкес залалсыздандыру жұмыстары Тұран ауданында – 314, Әл-Фараби ауданында 280, Қаратау ауданында 228, Еңбекші ауданында 140, Абай ауданында 300 гектар егістік алқапта атқарылады.
Масаларға қарсы дезинсекция жұмыстары маусым-қыркүйек аралығына жоспарланған. Биылдыққа үшінші рет 12 саябақта, 37 өзен-каналда, 45 гүлзар, аллеяда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Кенеге, яғни энзоотиялық ауруларға қарсы жұмыстар жылына 2 рет, көктем, күз мезгілдерінде жасалады. Көктемде жалпы 152 мыңнан аса үй жануарына бүрку, тоғыту шаралары атқарылып, қора-жайлар мен саябақтар, гүлзарлар залалсыздандырылды. Қажетті ветеринариялық препараттар толық жеткізіліп, залалсыздандыруға бүркуіш аппараты орнатылған автокөліктер мен ранц аппараттары бар 6 бригада жұмылдырылды. Өңдеу шаралары тек малы бар үйлер мен қора-жайларға бюджет есебінен жүргізіледі.
Шымкент қаласының әкімдігі Кең баба саябағын мемлекет меншігіне қайтаруда белсенді жұмыстар атқаруда. Қазір бұл мәселе бойынша бірнеше сот отырысы өтіп, нәтижесінде Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 шілдедегі қаулысымен бірінші […]
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қаласы бойынша филиалында «Кеңседен шықпай-ақ, донор болу» қайырымдылық акциясы өтті. Филиал кеңсесіне Қан қызметінің көшпелі бригадасы келіп, корпорация қызметкерлері жұмыс процесіне алаңдап, кедергі келтірмей қан тапсырды. Игі іске ұжымдағы […]
Жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді. №276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 […]
Пікір қалдыру