Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Guyi Holding Company» құрамына кіретін компания өкілдері үш меморандумға қол қойды. Маңызды келісімдер мегаполис басшысының Сиань қаласына сапарының нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Олардың қатарында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы және ағын суларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін цифрлық жабдықтар шығаратын зауыт салу туралы алдын ала келісімдер, сондай-ақ қаланы көріктендіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және қолданысқа енгізу туралы меморандум бар.
Жуырда қала әкімі инвесторларды аумағында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отырған «Жұлдыз» индустриалды аймағымен таныстырды. Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланған.
Бұл меморандумдар тек Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында да электромобиль өндірісін дамытуға септігін тигізетін стратегиялық маңызды қадам саналады. Қала басшысы инвесторларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, әкімдік тарапынан тиісті қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді.
Қазақ халқының арғы-бергі тарихында санқилы замандар өткені рас. Алайда, тап ХХ ғасырдың бірінші жартысындағыдай аласапыран мен зұлмат борын-соңды кездескен емес. Қос дүниежүзілік соғыстан бөлек қазақ халқы басынан ұлт-азаттық көтерілісті, азамат соғысын, ұжымдастыруды, қала берді ұлт […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, «Түркістан» сарайында өткен халық алдындағы жылдық есебінде көпшілшіктің көзінше көп балалы аналардың арыз, шағымын тыңдау үшін 16 ақпан күні таңғы сағат 11:00-де әкімдікке шақырған болатын. Хош! 16 ақпанда аналардың мұң-мұқтажын […]
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Арманда» бизнес форумының жетекшілері — медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяровпен, белгілі дінтанушы Нұрлан Байжігітұлымен, қоғам қайраткері, журналист Ләйлә Сұлтанқызымен, белгілі продюсер Жан Мұқановпен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз […]
Пікір қалдыру