«Таза Қазақстан» республикалық апталық акциясы аясында Еңбекші ауданына қарасты Қаратөбе тұрғын алабы, Жұлдыз аумағы, Қапал батыр көшесі бойында тазалық жұмыстары жалғасын тапты.
Экоакцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, мәслихат депутаттары, фракция мүшелері ардагерлер, белгілі спорт шеберлері, жергілікті тұрғындар қатысты. Сондай-ақ партия қызметкерлері, қалалық «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, «Jasyl el» еңбек жасағы және бастауыш партия ұйымдары белсенділік танытты.
Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екені әлемді шарпыған індетпен күресте айқын білінді. Бірақ, осыны біле тұра табалдырықтан басталатын тазалықты өзімізді қоршаған ортада сақтай бермейміз.
Қала ажарын тек сәулетті ғимараттары мен көрікті гүлзарлары ашпайды, сонымен бірге көрер көзге ерекше әсер беретін тазалығы да ашатынын естен шығармайық.
Иә, тазалық әр ауладан, әр отбасынан басталады. Егер әркім өз ауласын таза ұстап, жүрер жолын түрлі қоқыс-қалдықтардан тазартып жүрсе, сөз жоқ, оның нәтижесі қоршаған ортаға да оң әсер етеді. Керісінше, кішкентай қоқысқа немкеттілеу қарап, алып тастауға ерінетін болсақ, бір айналып келгенде әлгі жер құйын аралап кеткендай ыбырсып жатады. Демек, сіздің өз қалаңыздың тазалығына бөлген кішкентай көңіліңіздің өзі үлкен роль атқарады.
«AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы тұрақты негізде, апта сайын, еліміздің барлық өңірінде жалғасып, жұртшылықты изгілікті іске жұмылдырған халықтық жобаға айналды. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қолдау білдірген аманаттықтар, осылайша туған жеріміздің экожүйесін қалпына келтіруге үлестерін қосып қана қоймай, қоғамның табиғатқа деген жанашырлығын оятуға, өзіміз өмір сүретін ортаның тазалығын қамтуға тәлім алар өнегесін көрсетуде.
Шымкенттіктер Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетуде. «Серпіліс» қоғамдық қоры мен «Жалын» қоғамдық бірлестігі және Шымкент қаласы Ішкі Саясат және дін істері басқармасының қолдауымен психолог мамандар мақтаралдықтарға психологиялық көмек […]
Абай ауданында ауа райының қолайсыздығы мен жауын-шашынның артынан туындайтын су тасқынын алдын алу шаралары ерекше назарда. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Шәкір Асылханұлының тапсырмасы бойынша су алу қауіпі бар аумақтарда бірқатар жедел әрекеттер […]
Шымкентте биыл 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты. Жобаға сәйкес, нысан 3 блоктан тұрады. Соңғы үлгідегі жабдықталған ғимаратта […]
Пікір қалдыру