Шымкент қаласы аумағындағы 34 су арнасының 10-ға жуығына күрделі жөндеу жүргізілген болатын.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Қошқар ата Қарасу өзендеріне және Қосдиірмен, Шымкент, Жаңа шек су арналарына күнделікті тазалау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Аталған өзендер мен су арналарының тазалау жұмыстарына жауапты «Фараб құрылыс» мердігер мекемесінен жалпы саны 40 қа жуық жұмысшы 5 техника (3 экскаватор, 2 КамАЗ) жұмылдырылды. Жоғарыда көрсетілген басқарма теңгеріміндегі су арналарынан күнделікті 50 куб (50 тоннаға жуық) қоқыс шығарылуда.
Айта кетейік, өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек, , «Ынтымақ», «Компас, «Тоғыс, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілген болатын.
Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұны тұрғындардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысуынан да байқауға болады. Мәселен, бүгін Қаратау ауданындағы Қайтпас […]
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Қазіргі таңда Шымкент қаласының тұрғындары осы міндетті терең сезініп, қала тазалығы үшін зор жауапкершілік танытып келеді. Таза әрі көркем қала […]
Жалпы, игiлiктi iстер, жақсы өнегелер қазiрден бастап бастау алғаны абзал. Осыған орай, қаланың барлық аумағында тұрақты түрде сенбiлiктер өткiзiп тұруды дәстүрге айналдырған жөн. Биыл жалпықалалық сенбілікке қала жастары мен мекеме қызметкерлері бас қоса отырып, қаламызды […]
Пікір қалдыру