Түркістанда би жанры бойынша «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі өтті. «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде қатарынан екі күн бойы жалғасқан байқау Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасында өткен болатын.
Дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыру мақсатындағы байқауға жас би ұжымдары екі кезең бойынша өнерлерін ортаға салды. Алғашқы кезеңде халық биін билесе, ақтық кезеңде өз таңдауларына сай еркін тақырыптағы биді биледі.
Би байқауында ҚР Мәдениет қайраткері, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің хореография мамандығының аға оқытушысы Гүлнәзия Тәуекелова, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының мәдени ұйымдастырушысы Зағипа Өмірзақова және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Спорт және өнер» факультетінің декан орынбасары Меңдіғани Жүсіпбаев қазылық етті.
Сайысқа облыстың әр аудан, қалаларынан келген 60 би ұжымы бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен I орын Жетісай ауданының «Аққу» би тобына бұйырды. Ал жүлделі II орынды Сайрам ауданынан қатысқан «Жұлдыз» би ансамблі мен Жетісайдан келген «Бегайым» би ансамблі иеленді. Жүлделі III орынды Түркістан қаласының «Амина» би тобы, Арыс қаласының «Dance Stars» би тобы және Отырар ауданының «Бақыт айдыны» би ансамблі қанжығаларына байлайды. Бұдан бөлек үздік деп танылған би ұжымдарына арнайы жүлделер табысталды.
Айта кетейік, бұған дейін аталған фестиваль ән жанры бойынша өткен болатын. Жыл соңына дейін актерлік шеберлік, көркем сөз оқу және қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша өткізілмек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Президент спортты дамытуды тереңнен бастау керектігін айтады. Яғни, тек жаттығатын адам ғана емес, жаттығуға […]
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Кеңестің жұмысынаТүркістан облыстық ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің мүшелері, өңірдің аудандары мен қалаларында қызмет ететін қоғамдық және кәсіби медиаторлар қатысты. Күн […]
Күні кеше Түркістан қаласында жыл басынан бері бюджеттің 6 миллиард теңгесі игерілмей қалғанын жазған болатынбыз. Бұл жайлы руһани астана тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтқан еді. Алайда, өңір басшысы нақты қай салаға қаралған қаражаттың […]
Пікір қалдыру