Түркістандықтар қазан айында қос мерекені қатар атап өтеді. Елдігіміздің белгісі – «Республика күнімен» қатар, «Қала күні» мерекесін де атап өту дәстүрге айналған.
Осыған орай, «Түркістан көркі» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, жас қылқалам шеберлері шығармашылық шеберліктерін көрсетті.
Байқауда оқушылар қиялындағы көріністерді ақ қағазға түсірді. 71 оқушы қатысқан байқауда түрлі бағытта суреттер салынып, нәтижесінде Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Айнора Құрбанәлі мен Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының оқушысы Мереке Айтбайдың жұмыстары жоғары бағаланып, бас жүлдеге ие болды.
Жеңімпаздармен қатар барлық қатысушылар қалалық білім бөлімінің мақтау қағаздарына ие болды.
Айта кетейік, мереке қарлаңында қалалықтар түрлі мерекелік шаралардыңғ куәсі болды. бүдан өзге сайстар мен арнайы кештер де мерекеге арқау болды. Ұжымдар арасында спорттық бәсекелер ұйымдастырылса, оқушылар арасында түрлі олимпиадалар мен өзгеде өнер байқаулары болды. Бұл жастарға салауатты өмір салтын дәріптеп қана қоймай, мәдениеттің дауына орасан зор үлесі бар.
Аталмыш суретшілер байқауымен қтар, жас ақындар сайысы да өтті.
Өткізілген мәдени шараға 40-тан астам үміткерлер қатысып, байқаудың финалдық кезеңінде 20 үміткер бақ сынады.
Нәтижесінде жүлделі 1орын №14 мектеп оқушысы Сіламхан Ақтілек пен №12 мектеп оқушысы Байтуған Айзереге бұйырды.
Түркістан қаласында волейболдан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының волейболдан спорт шебері Октябрь Жарылқаповты еске алуға арналған турнир аяқталды. Сайыс 2007-2008 жылы туылған қыздар арасында өтті. Жарыста Астана, Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Жетісай қалаларынан келген […]
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен дамуы – бүгінгі таңда айрықша назар аударуды талап ететін тақырыптардың бірі. Жуырда қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжіліс барысында бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Жиналысқа қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік […]
Түркістандағы Байбұрт, Т.Бокин, Ә.Темір, Т.Нышанов, Қазыбек би, Шекті тілеу, С.Қожанов көшеліріндегі жаяу жүргіншілер жолағы мен жол сызықтары жаңартылуда. Қалалық «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың соңғы 6 айында Б.Саттарханов даңғылы, Тауке […]
Пікір қалдыру