Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының «Сауран» және «Бекзат» секторы тұрғындарымен кездесуіне жүздеген адам жиналды. Қала басшысы тұрғын алаптардағы электр желісі, кәріз жүйесі, көгалдандыру, қоғамдық көлік пен білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді тыңдады.
Кездесуге жауапты қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, тиісті бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Аталған тұрғын алап халқы жақын маңайдан мектеп пен емхана қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, мұндағы тұрғындарды көшелердегі көгалдандыру жұмыстары мен қаңғыбас иттерден келетін қауіп те алаңдатады. Сонымен қатар, кәріз жүйесін ретке келтіріп, көшелерге асфальт төсеп, бағдаршам орнатуды сұрайды. Халықтың талап-тілегін тыңдаған Әзімбек Пазылбекұлы тиісті мекеме басшыларына ескерту жасап, мәселені шешуге тапсырма берді.
Айта кетейік, осыған дейін Әзімбек Пазылбекұлы «Бірлік», «Отырар», «Шауғар», «Яссы» секторы тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдаған болатын.
Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын атап өту мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. – Бүгін біз ұлы […]
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да «Turkistan open media forum». Жаңа және дәстүрлі медиа: ынтымақтастықтың заманауи модельдері» атты форум өтті. Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен, облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткен форум еліміздің бас […]
Шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлының халықпен кездесуі «Бірлік», «Отырар» тұрғын алаптарында жалғасты. Кездесуде сектор тұрғындары қала әкіміне жол мәселесі, ойын алаңшалары, түнгі жарықтандыру, коммуналдық қызмет, білім саласы, тұрғын-үй, қоғамдық көлікке қатысты сауалдарын қойды. Тұрғындардың талап-өтініштерін тыңдауға […]
Пікір қалдыру