Түркістанда Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, басқарма және департамент басшылары, азаматтық қоғам институттарының өкілдері, әскери бөлім сарбаздары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері қатысты.
— Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр, Халық қаһарманы. Оның ерлігін келешек ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз. Мерекелік шараның басты мақсаты — Халық қаһарманының 100 жылдығын атап өту. Батырдың ерлігін, отаншылдық рухын және халық үшін сіңірген еңбегін еске алу, әрі жастарға үлгі көрсету. Бүгінгі жиынға қатысып отырған жас сарбаздар батыр атамыздың өмір жолымен танысып, көп нәрсе үйреніп қайтарына сенім мол,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Шарада «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы, Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Түркістан облыстық әртүрлі деңгейдегі ардагерлерді Үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігі және облыс әкімдігі тарапынан меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Мерзімді басылымдар оқу залында офицер, Ұлы Отан соғысына қатысушы, публицист, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты көрме ұйымдастырылды.
Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Ақмола ауданында дүниеге келген. Ол ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленді. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Балқаш фабрика-зауыттық училищесіне жіберілді.Р. Қошқарбаев өзінің өмірі жайлы «Штурм» кітабында әңгімелейді.
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, өңірдегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Жиында алғаш болып сөз алған Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев қаланың құрылысы, мемлекет қажеттілігіне […]
Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым […]
Түркістан қаласы – ғасырлар бойы бейбітшілік, рухани келісім мен татулықтың символы болып келген қасиетті мекен. Бүгінде бұл ұстаным Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаттағы бейбіт бағыттарымен үндесіп, нақты істер арқылы көрініс тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт […]
Пікір қалдыру