Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұны тұрғындардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысуынан да байқауға болады.
Мәселен, бүгін Қаратау ауданындағы Қайтпас шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және еңбек ардагерлері де белсенді түрде қатысты.
Іс-шараға 120-дан астам аудан тұрғындары, 8 техника жұмылдырылып, 18 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық шарасына қатысушылар Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойында күл-қоқыстарды тазалап, жол жиектеріндегі қатты қалдықтар мен пласмас қалдықтарды (пакет, баклажка, қағаз және т.б) ретке келтіріп шықты.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Шымкент қаласының жастарын осы игілікті шараға үлес қосуға шақырамын», — дейді «Жасыл ел» штабының Қаратау ауданы бойынша үйлестірушісі Нұрлыислам Қуаныш.
Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.
Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Отбасы күні – береке мен бірліктің, өзара түсіністік пен сүйіспеншіліктің символына айналған ерекше мереке. Осы атаулы күнге орай Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде әскери қызметшілердің отбасылары арасында «Бірлік […]
Бүгін қала әкімінің бастамасымен «Таза қала — өзіңнен басталады» атты акциясы аясында сенбілік өтті. Акцияның алғашқы сенбілігінде қала бойынша 50 мыңға жуық тұрғын атсалысып, 81 елдімекенде тазалық шаралары ұйымдастырылды. Бұл сенбіліктің басты мақсатының бірі — […]
Республика күніне орай Шымкентте қаланың көптеген нүктелерінен көрінетін жаңа символ пайда болды. Shymkent City шағын ауданында биіктігі 100 метрлік ту бағанасында мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді. Көлемі 30×15 метрлік үлкен ту қаланың ең биік нүктесінде […]
Пікір қалдыру