— Түркістан күллі түркі әлемінің рухани астанасы ретінде даму жолында. Осы бағытта туризмді дамытуға күш салынады. Түркістан қаласы мен Вэйнань қаласы арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мен өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынғым келеді. Бауырластық қарым-қатынастарды орнату туралы бұл келісім өңірлеріміздің түрлі салаларда дамуына серпін беретіне сенім білдіремін, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды өз сөзінде.
Тарихы терең Вэйнань қаласы Қытай өркениетінің бастауы саналады. 2000 жылдан астам тарихы бар. Бұл елдің ең үлкен өзендердің бірі – Вэйхэ өзенінің жағасында орналасқан. Ауыл шаруашылығы саласы мықты дамыған. Жеміс-жидек өсіруден ҚХР-да көш бастап тұр. Алтын мен көмір өндірісі қарыштап дамыған. Вэйнань қаласында Қытайдағы ең ірі жүзім бағы бар. Мұнда жүзімнің сан алуан түрі өсіріледі. Жаңа сорттары шығарылады.
Пікір қалдыру