Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумға әлемнің алпауыт компания өкілдері қатысуда. Форум аясында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы түрлі саладағы инвесторлармен келіссөз жүргізді. Нәтижесінде алдағы уақытта инвестиция құны 141,5 млрд теңге болатын 6 жоба жүзеге аспақ. Осы арқылы шаһар тұрғындарына 790 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам ірі компания өкілдері қатысуда. Инвесторлар қатарында лифт дайындайтын «Giant Intelligent Elevator Co» зауыты, механика және электр құралдарын өндіретін «Sichuan Hongji Engineering Management Co» компаниясы, абаттандыру, сумен жабдықтау саласындағы құрылыс өнімдерін шығаратын «Hubei Xiaode Engineering Co» сынды компания өкілдері бар. Келіссөздер аясында ынтымақтастық танытқан компаниялармен екі жақты меморандумға қол қойылды.
Жалпы бұған дейінгі ҚХР тарапынан Түркістан қаласының негізгі каптиталына тартылған инвестиция көлемі 78,2 млрд теңге болатын және 1910 жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар 3 жоба іске асырылуда. Оның ішінде жүзеге асқан «Golden Camel» ЖШС бар.
Түркістан қаласында волейболдан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының волейболдан спорт шебері Октябрь Жарылқаповты еске алуға арналған турнир аяқталды. Сайыс 2007-2008 жылы туылған қыздар арасында өтті. Жарыста Астана, Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Жетісай қалаларынан келген […]
Биыл күзде Түркістан қаласында халықаралық талаптарға сай Woosong University Kazakhstan университеті ашылады — бұл еліміздегі алғашқы заманауи IT білім беру ошағының бірі. Құрылысы сәтті аяқталып, қазір құжат қабылдау басталды. Бұл бастама ҚР Ғылым және жоғары […]
Түркістанда даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, кезінде Қазақстан ұлттық құрамасын баптаған бапкер Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған бокстан ересектер арасында ХХХ халықаралық турнир тағы да жалауын көтерді. Бокс бәсекесіне еліміздің 15 аймағынан және […]
Пікір қалдыру