Түркістан облысында елді мекендерді таза ауыз су, жарық, газ, сапалы жолмен қамту мәселелері басты назарда. Осы орайда, Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы ауданда соңғы 1 жылда атқарылған жұмыстарына оның ішінде, өзекті мәселелердің бірі болып саналатын табиғи газға арнайы тоқталды. Жалпы, аудан аумағында орналасқан 21 елді мекен яғни 29949 халық көгілдір отынмен қамтылса, ағымдағы жылы 21 нысанды оның ішінде (13 елді мекен, 1 мөлтек ауданына) газдандыру жұмыстары жүргізіледі. Оның 15-і өтпелі болса, 6-ы жаңадан басталды.
Бәйдібек ауданындағы Ақбастау ауылдық округіне қарасты Жолғабас елді мекеніне табиғи газ берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов елді мекен тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, құттықтау тілегін білдірді.
Бүгінгі таңда ауылда 67 үй бар. Тұрғындар енді көмір тасып, күл шығармайтына қуанып, алғыстарын жеткізуде. Қазіргі таңда аудан көлеміндегі 14 елді мекенді газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 10 елді мекенді газбен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген.
50 елді мекеннен тұратын Бәйдібек ауданы 42% табиғи газбен қамтылған. Ал халықтың 98 пайыздан астамы таза тіршілік нәріне қол жеткізіпті.
Алматы қаласында Most hub Almaty-ның ұйымдастыруымен «Qrltai hackathon startup weekend» іс-шарасы өтуде. Аталған жиынға Түркістан облысынан Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков қатысып жатыр. Үш күнге созылатын бұл жиынға еліміздің барлық […]
Халық қалаулылары елдің мұңы мен тұрғындардың өтінішін тыңдап, билікке жеткізетін айшықты көпір. Елдің дамуымен қатар, қаржыны дұрыс бағытқа игерілу, жұмыссыздық пен қоғамдағы мәселелерді де қозғайтын халық өзі сайлаған депутаттар. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыхалық қалаулыларын […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай, яғни су басу салдарынан 620 үй су астында қалған. Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа-Тұрмыс ауылында (46 үй), Жеңіс ауылында (130 үй), Фирдоуси ауылында […]
Пікір қалдыру