Төлебилік қолөнерші Құрбанәлі Ағаділов ер тұрман жасап, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген азамат. Тіпті, тарихта алғаш рет түйеге ер жасап, көпшілікті таңқалдырған жанның бірі. Сондай-ақ, шебер қазіргі кезде қазақ тарихындағы ер тұрманның 23 түрін түгендеп кітап жазып жатыр.
Бүгінде ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген ұстаға 300-ге жуық адам арнайы тапсырыс беріп, алатын ерін күтіп жүрген жайы бар. Оның көпшілігі — Көкшетау, Қызылорда, Ақтау, Атырау секілді өңірлердің тұрғындары. Тіпті, ішінде Қырғызстан мен Өзбекстан және Мәскеуден де тұтынушылар бар екен.
Төлеби ауданы Достық ауылының тұрғыны Құрбанәлі Ағаділовтың бұл кәсіпті қолға алғанына 30 жылға жуық уақыт болған. Осы уақыт ішінде ол 3000-нан астам ер тоқым жасап, халық игілігіне ұсынған.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» тақырыбындағы сұхбатында әділ және бәсекелі экономика жүйесін құру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Ауданда экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстары қолға алынды. 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді қазіргіден екі есеге арттыру мәселесі басты стратегиялық мақсат ретінде белгіленгендіктен, кәсіпкерлердің толық қызметке кірісуіне мүмкіндіктер қарастырамыз»,*деген. Осы орайда он саусағынан өнер тамған, шебер әлі де ерекше, ешкімде жоқ үниелерді шығаруды жоспарлап отыр.
Төлеби таңғажайып табиғатымен ғана емес, іскерлігімен, еңбекқорлығымен көзге түскен елді мекен.
Төлеби ауданында жалпы құны 735 млн теңгені құрайтын 2 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 260 адам жұмыспен қамтылады. Атап айтқанда, Ленгір қаласынан құны 550 млн теңге болатын «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехы. Нысанның қазіргі таңда жер телімі анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2022 жылы іске қосылса, 250 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, «Балмұздақ» ЖШС өнім көлемін ұлғайту мақсатында құрал-жабдықтар алуға 185 млн теңгеге инвестиция тартып отыр.
Облыс әкімінің қолдауымен инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысының Сауран ауданында «Өндірістік парк» құрылысы жүргізілуде. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және жалпы көлемі 66 мың мың ш.м. құрайтын парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. […]
Түркістан облысында жаңа жобалардың жүзеге асуы негізгі капиталға инвестиция салу ғана емес, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылуын, білім мен жаңа технологиялар трансферті арқылы аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге жол ашады. Панельдік сессия соңында Түркістан […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Соның бірі – «Құдайберген» шаруа қожалығы. Шаруа қожалықтың иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. […]
Пікір қалдыру