Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3983,34 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар болса, 434 шақырымы – таулы аймақтарда қар басып қалу қаупі жоғары аймақтар.
«Оңтүстік жолдары» МКК облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға толықтай дайын. Кәсіпорын тарапынан облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту үшін жалпы 118 арнайы техника, 258 жұмысшы жұмылдырылған. Автомобиль жолдарын дер кезінде қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу үшін қажетті инертті материалдардан 4 187,61 м3 құм және 393 тонна тұз әзірленді. Ауа-райының қолайсыз мезгілінде облыстық жолдарда қалып қойған жолаушыларға жағдай жасау мақсатында Бәйдібек ауданында «Шыбықбел», «Одаманбұлақ» және Созақ ауданында «Ащысай», «Таскөмірсай» жылыту бекетттері жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар осы жылдың қараша айынан бастап «Оңтүстік жолдары» МКК мамандары тарапынан тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.
Көлік магистральдарында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарына шұғыл әрекет ету бойынша Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Облыстық әкімшілік полиция басқармасы және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Түркістан облысы филиалы арасында іс-әрекет ету жоспары бекітілді.
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы өтті. Халықаралық шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тажікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қытай елдерінің өкілдері, бизнес қауымдастықтары мен […]
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүруде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, жаңа […]
Ұлттық тарихи жад және тарих ғылымы. Бір қарағанда күрделі тақырып көрінеді. Не қызық бар осында деп ойлауыңызда мүмкін. Қателесесіз. Тарихи жад бәрімізде бар. Соның бар екенін ойға алмайтынымыз өкінішті. «Арыс оқиғасын» еске алыңызшы. Халық алдымен […]
Пікір қалдыру