Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 3983,34 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1943,3 шақырымы бірінші кезектегі қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар болса, 434 шақырымы – таулы аймақтарда қар басып қалу қаупі жоғары аймақтар.
«Оңтүстік жолдары» МКК облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға толықтай дайын. Кәсіпорын тарапынан облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту үшін жалпы 118 арнайы техника, 258 жұмысшы жұмылдырылған. Автомобиль жолдарын дер кезінде қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу үшін қажетті инертті материалдардан 4 187,61 м3 құм және 393 тонна тұз әзірленді. Ауа-райының қолайсыз мезгілінде облыстық жолдарда қалып қойған жолаушыларға жағдай жасау мақсатында Бәйдібек ауданында «Шыбықбел», «Одаманбұлақ» және Созақ ауданында «Ащысай», «Таскөмірсай» жылыту бекетттері жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар осы жылдың қараша айынан бастап «Оңтүстік жолдары» МКК мамандары тарапынан тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.
Көлік магистральдарында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда авариялық-құтқару жұмыстарына шұғыл әрекет ету бойынша Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Облыстық әкімшілік полиция басқармасы және «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Түркістан облысы филиалы арасында іс-әрекет ету жоспары бекітілді.
Бүгін «Шипа» жобасы бойынша Түркістан облысының аудан қалаларындағы 300 мұқтаж отбасына дәрі-дәрмек қобдишасы жіберілді. «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаттары мен кәсіпкерлердің бұл көмегін «Jas Turkistan» еріктілер клубы мен аудандардағы «жасотандықтар» және жастар ресурстық орталығының […]
Ағын су мәселесі енді ордабасылық шаруаларды уайымға салмайды. Аудан әкімі Н.Тұрашбековтың ұйымдастыруымен, аудан аумағындағы 43 канал демеушілер есебінен механикалық тазалаудан өткізілуде. Бүгінгі таңда 118 шақырым су арнасы толық тазаланып іске қосылса, 96,6 шақырымындағы жұмыстар […]
Түркістан облысы Кентау қаласында ковид жұқтырған 7 әйел аман-есен босанды. Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ковид инфекциясын жұқтырған 7 әйел аман-есен босанып шыққан. Қазір ана мен балалардың жағдайлары жақсы. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Гүлбану […]
Пікір қалдыру