Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданындағы “Умаров Н» шаруа қожалығының қайта өңдеу цехын аралап, жұмысымен танысты.
Кәсіпкер тамшылатып суғаруға арналған иілгіш түтік шығару үшін 2023 жылы Қытай елінен арнайы қондырғы алып, іске қосқан.
Құрылғы сағатына 12000 метр өнім өндіруге қуатты. Кәсіпорында сонымен қатар, жылыжайға қолданылатын пленка және жіп шығарылады. Қолданыстан шыққан полиэтилен заттарын қайта терең өңдеу арқылы көшет егуге қажетті құтылар жасау да жолға қойылған. Цех 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Шаруа қожалығының басшысы Нұржан Омаров сондай-ақ, өз жылыжай кешенінде маусымдық кезеңде 25 азаматты жұмыспен қамтамасыз ететінін жеткізді.
Мақтаарал ауданындағы «Cotton Май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де шетелден жеткізілген автоматтандырылған қондырғылар орнатып, жаңа технологиямен мақта майын өндіруді бастады. Кәсіпорын тәулігіне 2 мың тонна шитті өңдеуге қауқарлы.
Нұрбол Тұрашбеков ауыл шаруашылығын дамытуда жаңашылдық маңызды екенін атап өтті.
– Терең өңдеу технологиясы мен оның пайдасы туралы шаруаларды кеңінен ақпараттандыру қажет. Заман талабына сай өнім ұсыну үшін технологиялық жетістіктерден шет қалмауымыз шарт. Осы бағыттағы жұмысты реттеу арқылы нарықтағы айналымды да бір жүйеге келтіруге болады, – деді ол.
Облыс әкімінің орынбасары жауапты мамандарға кәсіпкерлермен және шаруалармен келісе отырып, бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Өргебас және Фирдоуси ауылдарының тұрғындары үшін үй жихаздары тарту етілді. «Астана Моторс» компаниясы жалпы құны 50,5 млн теңгеге жаңа жиһаздың 426 жиынтығын сыйға тартты. Жатын бөлмелердің алғашқы топтамасы жаңа қоныстанушыларға […]
Сайрам ауданындағы «Шерзад-1» шаруа қожалығы мемлекет тарапынан қолдау көре алмай отыр, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап. Сайрам ауданы, Манкент ауылында «Шерзад-1» шаруа қожалығы 2001 жылы іске қосылған. Бүгінгі таңда шаруа қожалық 128 сауынды […]
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен республика көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы бастау алған. Атадан қалған жерімізді таза ұстап, бабалардың мұрасына шаң жуытпауды мақсат тұтқан тұрғындар белгіленіп берген жерлерді қалдықтар мен қоқыстардан тазартты. Жастар «Taza Alem» ұлттық жобасы бойынша […]
Пікір қалдыру