Төлеби ауданында жыл бойы туристік қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курортының құрылысы жүргізіліп жатыр. «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» аумағында бірнеше қонақ үйлер, мейрамханалар, арқан жолы мен бассейн салу жоспарланған. Жоба бойынша шаңғы трассасының биіктігі 1880-3155 метр аралығын құрап, жалпы ұзындығы 33,4 шақырым болмақ. Кешен толық іске қосылған жағдайда жылына 120 000-ға жуық демалушы қабылданып, 2 000-нан астам адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Жалпы Төлеби ауданында демалушыларға қызмет көрсететін орындардың саны 194-ке жеткен. Сондай-ақ, ауданда жыл басынан бері құны 1,2 млрд теңгені құрайтын төрт туристік нысан ашылған. Бүгінде туризм саласын дамытып, инвестиция тарту үшін Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елді мекендеріндегі туристік рекреациялық аймақтарының даму жоспары әзірленуде. Айта кетейік, ауданда 2024–2030 жылдары туризмді дамыту мақсатында жалпы құны 78,1 млрд теңге болатын ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Түркістан өңірінде тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды. Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекеніндегі 1 қабатты, 2 пəтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысымен, қазіргі жай-күйімен танысты. Мердігері – «Берен» ЖШС, техникалық қадағалаушы – […]
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында абаттандыру, көріктендіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Десе де заман ағымына сай өшеге көрік, өңірге өң кіргізетін жобалардың болғаны дұрыс. Түкібас ауданы облыстың табиғаты тамаша, туристер көп келетін өңір. Осы орайда облыс […]
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстық құрылыс басқармасының алдағы жоспарлары талқыланған жиын өтті. Бұл туралы Түркістан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл ғимараттардың сәулеті мен сапасы, орындалу мерзімі қатаң […]
Пікір қалдыру