Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен республикалық «Мың жүйрік» байқауы қорытындыланды. Этнос балаларының қатысуымен болған жоба биыл төртінші рет өтуде.
Аталмыш жоба Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын іске асыру, қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасуына ықпал ету, Қазақстандағы этнос өкілдері балаларының қазақ тілін білуге деген құлшынысын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
Балалар қазақ тіліндегі ертегілермен танысып, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын және өзі туып-өскен өлкесін қазақ тілінде таныстыруы керек. Сол бейнетүсірілім арқылы байқауға қатысуға өтініш қалдырады.
Қазақ тілін меңгеруге арналған ағартушылық жобаға республика аумағында тұратын 600-ге жуық этнос балалары қатысып, ережеде көрсетілген талаптарға сай 4 бағыт бойынша өз өнерлерін ұсынған. Қазылар алқасы қатысушы үміткерлердің өнерін жан-жақты сараптай келе, олардың ішінен ережеге сай келетін 10 баланы таңдап, жүлдеге ұсынды.
— Биыл «Мың жүйрік» ағартушылық байқауықаламызда төртінші рет өткізіліп жатыр. Жобаға қызығушылар саны жылдан-жылға саны артып келеді. Мәселен, 2021 жылы байқауға 100-ге жуықжасөспірім қатысса, 2022 жылы 300 бала, ал, 2023 жылы олардың саны 575-ке жетті. Осы байқауға қатысуға ниет білдірген жастарымыздың саны осы жылы 600-ден асып отыр. Байқау 4 бөлім негізінде ұйымдастырылды. Қатысушылар «Ертегі әлеміне саяхат»,«Тұлғалар тағылымы», «Мен ұнататын мамандық» және «Туған өлкеге тағзым»тақырыптары бойынша сынға түсті,-дейді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нүркен Алимқұлов.
Қатысушыларды іріктеу 12 қараша – 4 желтоқсан аралығында онлайн-форматта өткен. Қазылар алқасының шешімімен Жамбыл облысы, Жуалы ауданы «Нұрлы ұрпақ» балалар бақшасының тәрбиеленушісі Карина Ефремова жүлделі І орынға ие болды.
Әлемдік пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде күні-түні азаматтардың денсаулығы үшін ерінбей еңбектеніп жүрген дәрігерлердің бірі Мұрат Майлыбекұлы. 13 жылдан бері ақ халатты абзал жан атанған Мұрат Майлыбекұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының түлегі. […]
Шымкентте Өтегенов көшесінің 1 және 2-кезеңдерінің құрылысы аяқталып, Сырым батыр көшесімен қиылысы арқылы көлік қозғалысы ресми түрде ашылды. Бұл жол қала тұрғындары үшін өте маңызды, себебі енді қаланың солтүстік бөлігінен (Бозарық, Шымсити, Асар, Асар-2 шағынаудандары) […]
Елімізге белгілі боксшы, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков атом электр станциясының құрылысы жөнінедегі республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Даңқты спортшы Қазақстанның болашақта орнықты түрде дамып, өсіп-өркендегенін қалайтынын, сондықтан осы жолда еліміздің ауқымды энергетикалық дағдарысқа […]
Пікір қалдыру