Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев және Нұр Отан партиясының бірінші орынбасары П.Тұрсынбаев Сарыағаш қаласындағы және Дербісек ауылдық округіндегі спорт алаңшаларының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысты. Спорт алаңшасының ашылуына оқушылар спорт сүйер қауым ауыл ақсақалдары қатысты. Жастарды салауатты өмірге итермелейтін спорт алаңшаларының ашылғанына аймақтың жеті жасынан, жетпіс жасына дейінгі азаматтары қуанып жүр. Осы орайда спорт нысанының лентасы қиылған тұста ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.Тіпті аудан басшысы ақсақаладарда алаңша да балалармен бірге спортпен шұғылдануға шақырды. Үстіміздегі 2017 жылы аудан басшысы оқушылардың жазғы демалыс кезеңінде спортқа баулу қажеттігін ескеріп жергілікті бюджет есебінен 7 типтік спорт алаңшаларының құрылысын бастап, бүгінгі күнге дейін 2 тапсырылған. Сарыағаш қаласында 2 алаңша, Абай ауылында 1 алаңша, Құркелес ауылдық округінде 2 алаңша, Дербісек ауылында 1 алаңша, Жібек жолы ауылында 1 алаңша. Бұдан бөлек демеушілер есебінен жыл соңына дейін 4 спорттық алаңшалар тапсырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда үш жүзге жуық бала әлеуметтік қолдауға ие болды
Түркістан қаласында 1-маусым халықаралық балалардың құқығын қорғау күніне орай, бүлдіршіндердің қуанышын еселей түсетін игі бастамалар легі мол болды. Айтулы күннің ресми шарасында қала әкімі Әліпбек Өмербаевтың атынан әлеуметтік көмекті қажет ететін 65 балаға арнайы сыйлықтар […]
ШЫМКЕНТ: 214 613 ОҚУШЫ ӘРТҮРЛІ МОБИЛЬДІ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСЫЛҒАН
Шымкенттегі 172 білім беру ошағында 222 037 оқушы білім алады. Атап айтқанда, 827 оқушыға инклюзивті білім беріліп, 702 оқушыға «WhatsApp» мессенжері арқылы оңалту сабақтары жүргізіледі. Үшінші мегаполисте қашықтықтан білім беру бойынша 187 640 (84,5%) оқушы […]
Сарыағаш ауданында электр станцияның іргетасы қаланды
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станцияның құрылысы басталды. Сағатына 20 мВТ тоқ шығаратын заманауи нысанның іргетасы Жылға ауылдық округінде қаланып отыр.Құрылыстың салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев, аудандық […]
Пікір қалдыру