Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев және Нұр Отан партиясының бірінші орынбасары П.Тұрсынбаев Сарыағаш қаласындағы және Дербісек ауылдық округіндегі спорт алаңшаларының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысты. Спорт алаңшасының ашылуына оқушылар спорт сүйер қауым ауыл ақсақалдары қатысты. Жастарды салауатты өмірге итермелейтін спорт алаңшаларының ашылғанына аймақтың жеті жасынан, жетпіс жасына дейінгі азаматтары қуанып жүр. Осы орайда спорт нысанының лентасы қиылған тұста ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.Тіпті аудан басшысы ақсақаладарда алаңша да балалармен бірге спортпен шұғылдануға шақырды. Үстіміздегі 2017 жылы аудан басшысы оқушылардың жазғы демалыс кезеңінде спортқа баулу қажеттігін ескеріп жергілікті бюджет есебінен 7 типтік спорт алаңшаларының құрылысын бастап, бүгінгі күнге дейін 2 тапсырылған. Сарыағаш қаласында 2 алаңша, Абай ауылында 1 алаңша, Құркелес ауылдық округінде 2 алаңша, Дербісек ауылында 1 алаңша, Жібек жолы ауылында 1 алаңша. Бұдан бөлек демеушілер есебінен жыл соңына дейін 4 спорттық алаңшалар тапсырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Сарыағашта Ұлы жеңістің 72 жылдығы мен 7-мамыр мерекесі қатар тойланды
Сарыағаш ауданында 9-мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуы мерекесіне арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шарада Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен аудандағы […]
Шымкент: Балаларды оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды
Шымкент қаласында балаларды оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Бұл қуаныш балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс салтанатпен аталды. Яғни 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаладағы №2 оңалту орталығының жаңа корпусы ашылды. Жаңа корпус 60 […]
ШЫМКЕНТ: ХҚКО қызметкерлері балаларды қуанышқа бөледі
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мемлекеттік корпорация қызметкерлері №3 балалар үйіне барды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлері бірнеше жылдан бері бүлдіршіндерге қамқорлық көрсетіп келеді, […]
Пікір қалдыру