Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында «Сақ» киностудиясының «Қошқар мен теке» толықметражды анимациялық фильмі балалардың назарына ұсынылды. Мультфильмді көруге 5 пен 10 жас аралығындағы «Ақерке» балалар залының тұрақты оқырмандары жиналғанын айта кетейік. Анимациялық фильмді көрсетудегі негізгі мақсат – балаларды қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлермен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру болатын. Осы арқылы олардың бойына отансүйгіштік, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Ертегі кейіпкерлері арқылы бұл өмірдегі ақ пен қараны, жаман мен жақсыны ажырата білуді үйрету. Сонымен қатар, әлсізге қол ұшын беріп, көмекке мұқтаж жандардың қашанда жанынан табыла білуге баулу. Өмірдің қиындықтарына мойымай, күресуді үйрету болатын.Бұл іс-шара «Оңтүстік фильм» мекемесі мен «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының балаларға кино көрсету бойынша қол қойылған меморандум аясында жүзеге асып отыр. Екіжақты келісімнің нәтижесінде балалар қызыға тамашалайтын туындылар алда да көрсетілетін болады
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да көсбасшы жастар марапаттарға ие болды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жыл бойы түрлі салаларда өзіндік үлес қосып жүрген 20 көшбасшы жасқа 15 номинация бойынша «Үздік жастар премиясын» табыстады. Салтанатты кеште арнайы дайындықтан өткен 22 жұп би кешіне арналған салтанатты киімдерін киіп, вена […]
ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына қатысты пікірлерін білдіруде
Бүгінде заман талабына сай қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі қоғам талабы. Ақордада латын қарпіне қатысты жалпыхалықтық талқылаудың соңғы нүктесін қойған жиынға Оңтүстік ұстаздары қолдау білдіріп отырғанын айта кеткен жөн. Елбасымен кездесу барысында таныстырылған […]
ОҚО-да «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты шара өтті
Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» аттымерекелікшараөтті. Сонымен қатар, іс-шара аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының және облыс аумағында әрекет ететін тілдерді оқыту орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды.«Тілдер туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай биыл өңірдегі этномәдени бірлестіктер […]
Пікір қалдыру