Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында «Сақ» киностудиясының «Қошқар мен теке» толықметражды анимациялық фильмі балалардың назарына ұсынылды. Мультфильмді көруге 5 пен 10 жас аралығындағы «Ақерке» балалар залының тұрақты оқырмандары жиналғанын айта кетейік. Анимациялық фильмді көрсетудегі негізгі мақсат – балаларды қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлермен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру болатын. Осы арқылы олардың бойына отансүйгіштік, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Ертегі кейіпкерлері арқылы бұл өмірдегі ақ пен қараны, жаман мен жақсыны ажырата білуді үйрету. Сонымен қатар, әлсізге қол ұшын беріп, көмекке мұқтаж жандардың қашанда жанынан табыла білуге баулу. Өмірдің қиындықтарына мойымай, күресуді үйрету болатын.Бұл іс-шара «Оңтүстік фильм» мекемесі мен «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының балаларға кино көрсету бойынша қол қойылған меморандум аясында жүзеге асып отыр. Екіжақты келісімнің нәтижесінде балалар қызыға тамашалайтын туындылар алда да көрсетілетін болады
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкерліктің негізін үйренемін деушілер жыл санап артып келеді
Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздардың өз ісін бастауына қолдау бар. Жыл басынан бері 2 мыңға жуық адам кәсіпкерліктің негіздерін оқып үйренді. Үздік жобалардың дамуы үшін субсидия бөлу де қарастырылған. Бұған дейін жұмыссыздар қатарын толықтырып келген Дүрия […]
ОҚО-да 123 көп қабатты тұрғын үй жөнделеді
Оңтүстік Қазақстан облысында биыл «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 123 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 98 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқталады. Атап айтсақ, […]
ОҚО жұрты қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
31 мамыр — саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күні. Осыған орай бүгін «Қасірет» мемориалында қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, Шымкент қаласының әкімі […]
Пікір қалдыру