Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігі 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбейді. Ең бастысы — жанармай сапасы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына көшті. Тарихи оқиғаға қатысты өткен салтанатты жиынға Қытай Халық Республикасының CNPC компаниясы Бас директоры Биан Дыжы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, зауыт жұмысына сәттілік тіледі. «Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында елімізді өз мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету керектігін баса айтқан болатын. Осы тапсырмаға сай Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Қазірде аталған бағдарламаның аясында Қазақстанның үш ірі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін міне бірінші кезеңнің іске асуына куә болып отырмыз», — деді Жансейіт Түймебаев
Ұқсас жаңалықтар
Лекарства для лечения пневмонии и covid-19 поступили в Шымкент
В Шымкент поступили лекарственные препараты из России, Узбекистана, Беларуси, Украины и Индии, предназначенные для лечения инфекционных заболеваний. Грузовой самолет и три фуры прибыли в город с медикаментами напрямую от фармацевтических производителей, с которыми заключены […]
Шымкент қаласын дамытудың жобасы талқыланды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Шымкент қаласын аумақтық дамытудың өңіраралық жобасын әзірлеу мәселесі бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас және Төлеби аудандары мен Шымкент, Арыс қалаларының басшылары, сәулет […]
Шымкентте «Алтын жас-Золотой возраст» деген атаумен қарттар күні аталып өтті
Шымкенттегі Орталық саябақта салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Алтын жас-Золотой возраст» деген атпен Қарттар күні аталып өтілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған шараға облыс әкімі Ж.Түймебаев арнайы келіп, ардагерлерді мерейлі мерекесімен құттықтап кетті. суреттер www.inform.kz […]
Пікір қалдыру