Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасының бірінші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде мұнай өңдеу тереңдігі 80 пайызға артып, өнім шығару көлемі жылына 6 млн тоннаға, жанармай өндірісі 3 есе көбейді. Ең бастысы — жанармай сапасы Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына көшті. Тарихи оқиғаға қатысты өткен салтанатты жиынға Қытай Халық Республикасының CNPC компаниясы Бас директоры Биан Дыжы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, зауыт жұмысына сәттілік тіледі. «Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында елімізді өз мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету керектігін баса айтқан болатын. Осы тапсырмаға сай Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Қазірде аталған бағдарламаның аясында Қазақстанның үш ірі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін міне бірінші кезеңнің іске асуына куә болып отырмыз», — деді Жансейіт Түймебаев
Ұқсас жаңалықтар
ШЫМКЕНТ: ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА НЕОНАТАЛДЫ ХИРУРГИЯ АШЫЛДЫ
Шымкент қалалық Перинаталдық орталықта неонаталды хирургия ашылды. Енді емдеу орталығының дәрігерлері тумасынан ауыр дертке шалдыққан науқастарға перзентхана ішінде шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады. Неонаталды хирургия ашылғалы бері орталық дәрігерлері жеті сәбиге ота жасап, ажалдан арашалап […]
Шымкенттегі шыны ыдыстарын өндіретін зауыт замануи құрылғылармен жабдықталған
Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы шыны ыдыстар өндіретін зауытта әлемнің жетекші өндірушілерінің (Хайе, Германия; Санжин-Эмхарт, Китай-Швейцария) заманауи құрылғылары орнатылған. Олардың ерекшелігі сол, бақылаушы мәшинелер өндірілген өнімдерді мұқият тексеріп, қираған әйнектер мен ақауы бар ыдыстарды анықтап, өндіріске […]
Лекарства для лечения пневмонии и covid-19 поступили в Шымкент
В Шымкент поступили лекарственные препараты из России, Узбекистана, Беларуси, Украины и Индии, предназначенные для лечения инфекционных заболеваний. Грузовой самолет и три фуры прибыли в город с медикаментами напрямую от фармацевтических производителей, с которыми заключены […]
Пікір қалдыру