Оңтүстік Қазақстан облысындағы диқандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын шығарып жатыр. Биылғы жылы облыс бойынша 57 мың гектар жерге қауын-қарбыз егілсе, олардан 224 мың тонна өнім жиналып отыр. Осы орайда жиналған өнімнің ішінде 166 мың тоннасы қарбыз, 58 мың тоннасы қауын екенін айта кеткен жөн.Аграрлы аймақ диқандары қазіргі таңда жиналған бақша дақылдарын жергілікті сауда орындарынан бөлек, еліміздің өзге аймақтары мен шет елдерге экспортқа шығарып жатыр. Мәселен, Ресейге 35 мың тонна қарбыз, 16 мың тонна қауын жіберілген. Бұдан бөлек Беларусь еліне 481 тонна қауын-қарбыз жіберіліп, сонда саудаланған. Сонымен қатар, оңтүстіктің қауын, қарбыздары Балтика жағалауындағы елдерге де жөнелтіліп отыр. Мәселен, Латвияға 127 тонна қауын эспортталғанын айта кеткен жөн. Түстіктің диқандары еліміздің солтүстік, шығыс пен батыс өңірлерін де қауын мен қарбызбен қамтамасыз етіп отыр. Яғни, ішкі нарықтың да сұранысын қамти алады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да ауыл шаруашылық техникалары шығарылуда
Ордабасы ауданында орналасқан Қазақ-Түрік индустриалды аймағында жеке инвестор көмегімен ашылған «Kaz Kioti» ЖШС-нің бүгінгі таңда жұмысы қарқын алған. Трактор зауытының басты мақсаты — жаңа бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық техникаларын шығару. Жылына бес мың трактор шығаруға […]
ОҚО-да халықаралық AgriTek Shymkent’2017 көрмесі ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі халықаралық мамандандырылған AgriTek Shymkent’2017 ауыл шашуашылығы көрмесі өз жұмысын бастады.Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында үш күн бойына өтетін алтыншы халықаралық мамандандырылған көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл […]
ОҚО-да «Ордабасы» қой тұқымының саны 125 мыңға жеткізілмек
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен етті-майлы ордабасы тұқымын өсірудің және қозы етін өндірудің озық технологияларына арналған баспасөз-конференциясында «Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Бас директорының мал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрадин […]
Пікір қалдыру