Оңтүстік Қазақстан облысындағы диқандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын шығарып жатыр. Биылғы жылы облыс бойынша 57 мың гектар жерге қауын-қарбыз егілсе, олардан 224 мың тонна өнім жиналып отыр. Осы орайда жиналған өнімнің ішінде 166 мың тоннасы қарбыз, 58 мың тоннасы қауын екенін айта кеткен жөн.Аграрлы аймақ диқандары қазіргі таңда жиналған бақша дақылдарын жергілікті сауда орындарынан бөлек, еліміздің өзге аймақтары мен шет елдерге экспортқа шығарып жатыр. Мәселен, Ресейге 35 мың тонна қарбыз, 16 мың тонна қауын жіберілген. Бұдан бөлек Беларусь еліне 481 тонна қауын-қарбыз жіберіліп, сонда саудаланған. Сонымен қатар, оңтүстіктің қауын, қарбыздары Балтика жағалауындағы елдерге де жөнелтіліп отыр. Мәселен, Латвияға 127 тонна қауын эспортталғанын айта кеткен жөн. Түстіктің диқандары еліміздің солтүстік, шығыс пен батыс өңірлерін де қауын мен қарбызбен қамтамасыз етіп отыр. Яғни, ішкі нарықтың да сұранысын қамти алады.
Ұқсас жаңалықтар
Шардара балығының 70 пайызы Еуропа елдеріне экспортталады
Оңтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығының өрісі кеңейіп, оны Еуропа елдерінің нарығына шығару көзделуде. Осы саланы дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы мамандары балық шаруашылығын қолға алып келе жатқан Шардара ауданында бас қосты. Айта кетейік, Шардарадағы «Хамит» өндірістік […]
ОҚО-да жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2017-2021 жылдары 60 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, министрлік тарапынан қолға алынып отырған бағдарламалардың маңыздылығына тоқталды.«Бұл күндері министрлік делегациясы үлкен жұмыс көлемін атқарды. Тамара Қасымқызымен келісемін, азаматтарды тіркеу, деректерді жандандыру іс-әрекеттерін жылдың соңғы күніне дейін созудың қажеті […]
ОҚО-да жер қойнауын пайдаланушыларға талап күшейтіледі
Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұқит Отаршиевтың айтуынша, өңірде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге арналған 168 келісімшарт және автомобиль жолдарының құрылысына пайдалану үшін кең таралған пайдалы қазбаларды […]
Пікір қалдыру