Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұқит Отаршиевтың айтуынша, өңірде кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіруге арналған 168 келісімшарт және автомобиль жолдарының құрылысына пайдалану үшін кең таралған пайдалы қазбаларды игеруге 7 рұқсат тіркелген. Ал, орталық атқарушы орган тарапынан берілген құқықтар негізінде, қатты пайдалы қазбаларды игеруге облыс аумағында 27 келісімшарт және 1 келісімшарт табиғи газды барлау бойынша тіркелген.Бұл жөнінде облыс әкімдігінде өткізілген кезекті отырыста айтылды. Мәселен қолданыстағы заңнамаға сәйкес, пайдалы қазбалар көмірсутек шикізаты, қатты пайдалы қазбалар және кең таралған пайдалы қазбалар болып негізгі 3 түрге бөлінеді екен. Жиынды қорытындылаған әкім облыста заңсыз жер қойнауын пайдалануды тоқтату бойынша атқарылып отырған жұмыстарды қайта зерттеп, саралап нақты ұсыныс енгізуді. Сонымен қатар, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тосқауыл қою және заңды жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін реттеу бойынша құзырлы органдармен бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді жауапты сала жетекшілеріне жүктеді.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жыл соңында өнеркәсіп өнім көлемі 570 млрд. теңгеге жетеді
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Соның бірі – аймақтың 2017 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы болғанын айта кетке жөн. Бұл туралы […]
ОҚО инвестиция тартуда жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы тартылған инвестиция бойынша республикада көш бастап келеді екен. Мәселен 2017 жылы 20 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобамен келісімшартқа қол қойылған. Қазіргі таңда облыс көлеміндегі индустриалды аймақтарда 169 инвестициялық жоба […]
Оңтүстік Қазақстан облысынан «Достық керуені» Өзбекстан Республикасына жолға шықты
Бұл іссапар Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің наурыз айында Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасы Интернационалдық мәдени орталығының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асырылып отыр. Меморандумда қоғамдық-саяси, мәдени-білім беру, […]
Пікір қалдыру