ОҚО инвестиция тартуда жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы тартылған инвестиция бойынша республикада көш бастап келеді екен. Мәселен 2017 жылы 20 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобамен келісімшартқа қол қойылған. Қазіргі таңда облыс көлеміндегі индустриалды аймақтарда 169 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жайлы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» индустриалды аймақтарды басқарушы компания басшысы Нуркен Бегулиев мәлімдеді.    «Жалпы құны 155,2 млрд. теңге көлеміндегі жобалар бойынша 9 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ.  Ал бүгінгі таңда құны 34,8 млрд. теңгені құрайтын 68 жоба іске қосылған. Бұл кәсіпорындарда 4 мың адам жұмыс істеуде.  Ағымдағы жылдың соңына дейін сомасы 7,7 млрд. теңге болатын 12 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осылайша осы жылдың соңына дейін барлық индустриалды аймақтарда жүзеге асқан жобалардың саны 80-ге жетеді», — деді Нуркен Рахымұлы.

Бұдан бөлек, «Оңтүстік» индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясы 2018-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын әзірлеп жатыр. Онда  облыстағы аудан мен қалаларда индустриалды аймақтарды толтыру мәселесі қаралған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*