Шымкенттегі «Тассай» индустриялды аймағында Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі болып табылатын «Мега Смарт» зауыты жұмыс істейді. Аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынған. Өндіріс орнында МДФ жылтыр плитасын және жиһаз шығарады екен. Осы жоба бойынша облысқа 545 миллион теңге инвестиция тартылып, 69 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған кәсіпорын 3D форматындағы жылтыр тақталарды дайындайды. Жылына 72 мың МДФ панелдерін және 5000 дана жиһаз шығаруда. Кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар жасап отыр. Дайын тауарға жұмсалатын шикізаттың 94 пайызы жергілікті өнім. Оның қатарында мақта талшығы да қолданылаған. «Мега Смарттың» өнімдеріне Қазақстанда сұраныс жоғары. Жылтыр тақталарды Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспорттауға келісімшарттар жасалуда. Сондай-ақ, Ресей елімен де келісім бар.Зауыттың қазіргі таңда Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында арнайы өкілдіктері жұмыс жасайды. Алдағы уақытта еліміздің қалған өңірлерінде де өкілдіктерін ашу жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада оңтүстікқазақстандықтар ұйымдастырған көркемөнер көрмесіне көптеген жәдігерлер қойылды
Астанада оңтүстікқазақстандықтар ұымдастырған «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде «Жер кіндігі — Қазығұрт» атты көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесіне «Қол өнерім-өнегем атты бұрышта қазақ халқының этнографиялық коллекциялары, аяққаптар, қоржындар, шашақбаулар, басқұрлар, зергерлік бұйымдар, кәдесыйлықтар мен ұлттық […]
ОҚО-да өндірілген фарм өнімдер Өзбекстанға экспортталатын болды
Астана қаласында өткен қазақ-өзбек бизнес форумына Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер Палатасы бастаған 20-дан астам кәсіпкер қатысты. Екі жақтың арасындағы сауда-саттық пен ынтымақтастықты нығайтатын аталмыш форумда В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, онда оңтүстікқазақстандық делегаттар фарм өнімдері нарығының […]
ОҚО-да электронды ақпараттық құрылғымен жабдықталған жедел жәрдем көліктері пайда болмақ
Алдағы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында бірыңғай Call-орталығымен планшет арқылы байланыспен жабдықталған 74 бірлік санитарлық автокөлік жұмысын бастайтын болады. Аталған жаңа жүйе әрбір медициналық көмек бригадасына науқасқа […]
Пікір қалдыру