Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Соның бірі – аймақтың 2017 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысы болғанын айта кетке жөн. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов баяндама жасап, саладағы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Оның айтуынша, облысымыздағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 510,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға артқан. Ал, өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 353,0 млрд. теңгені құрап, 2,4 пайызға өсіп отыр. Жылдың қорытындысымен кен өндіру өнеркәсібі өнімінің көлемі 200 млрд. теңгені құраған.«Облысымызда жеңіл өнеркәсіп – 5,2 пайызға, машина жасау – 32,7, химиялық өнеркәсіп – 17,3, металлургия – 17,0, өзге металл емес минералдық өнімдер – 14,8, фармацевтикалық өнімдер – 12,1, тамақ өнімдерін өндіру – 8,4 пайызға артып отыр. Жылдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 570 млрд. теңгені құрайды деген жоспар бар», — деді Арман Сәбитұлы
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО диқандары 600 мың тоннаға жуық дәнді дақыл жинады
Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс диқандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолданудың арқасында мол өнімге қол жеткізді. Мәселен, облыс бойынша 258,8 мың гектар жерге егілген […]
ОҚО-дағы «Рейтинг» газеті тұңғыш «Үркер» Ұлттық сыйлығын жеңіп алды
Апта басында Астанадан сүйінші хабар келді. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі биыл баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш «Үркер» Ұлттық сыйлығын жариялаған болатын. 28 маусымда елордамыз Астанада талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсетуді басты мақсат […]
ОҚО-да «Ханқорған» қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 31 миллионнан астам қаржы бөлінбек
Алдағы жылы Сайрам ауданындағы «Ханқорған» қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 31 млн. 436 мың теңге бөлінбек. Биылғы жылға Шымкенттегі ескі қала орнының аумағында археологиялық парк-музейі, ашық аспан астындағы музей құру үшін жобалық сметалық құжаттамасын […]
Пікір қалдыру