Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көрші елмен қарым-қатынасты күшейту мақсатында бірқатар келіссөздер жүргізіп, іскерлік жиындар өткізді. Мәселен, Елбасының тапсырмасына сәйкес трансшекаралық Өгем өзенінен суды бірігіп пайдалану мақсатында Өзбекстан мемлекетімен келіссөздер жүргізіліп, ауыз су бөліп алуға келісім жасалды. Нәтижесінде, алдағы бес жылда Оңтүстік Қазақстан облысының 700 мыңға тарта халқы бар үш ауданы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.Өзбекстан күнгей кәсіпкерлері үшін 32 миллиондық тұтынушысы бар ең жақын нарық. Сондықтанда тауар айналымын арттырып, кәсіпкерлікті бірлесе дамыту мақсатында наурыз айында Ж.Түймебаев бастаған оңтүстікқазақстандық делегация Өзбекстанға ресми сапармен барған-ды. Нәтижесінде мамыр айында Ташкент тауар өндірушілерінің көрмесі Шымкентте ұйымдастырылып, оған 200-дей кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды.Екі елдің қарым-қатынасын жақсарту мақсатында наурыз айында «Алматы-Ташкент» және «Самарқанд-Ташкент-Астана» бағытындағы алғашқы пойыз жолға шықты. Бұдан бөлек, шілде айында Ташкент-Термез автожолы мен «Сырдария» өткізу бекеті ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстандық кәсіпкерлер оңтүстікке мыңнан астам тауар түрін алып келді
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында Ташкент қаласының тауарөндірушілерінің екі күндік көрмесі басталды. Көрмеге көршілес елдегі 230-ға жуық кәсіпорынның өнімдері қойылып, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау, металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, жиһаз, киім және […]
Өзбекстан «Достық» каналының суын, прпорционалды түрде бөлісуге келісті
Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше жылдан бері Өзбекстанмен су мәселесі жөнінде келісім жүргізген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев «Достық» каналының суын пропорционалды түрде бөлісуге келіскенін айтып отыр. Яғни, дәл осы […]
Оңтүстіктің мақта талшықтары шетелдерге экпортталуда
Мақтаарал ауданына жасаған бір сапарында облыс әкімі Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының бренді саналатын мақта дақылы бәсекеге қабілетті болу қажеттігін айтқан болатын. Сондай-ақ, ол, елiмiздегi үлкен табыс әкелетiн жүз жылдық тарихы бар мақта дақылының сапалы сорттарын […]
Пікір қалдыру