Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрші елге жасаған сапары аясында ұйымдастырылған екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес-форумы өтті. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қазақстандық 300-ден астам кәсіпкер қатысқанын айта кету керек. Іскерлік кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысынан өңір басшысы бастаған 150-ден астам кәсіпкер қатысып қайтты.Сонымен екі елдің ғасырдан бері жалғасқан достық қарым-қатынасы жанданған іскерлік жиында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлері мен өзбекстандық бизнесмендер арасында сауда-экономикалық туралы 7 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Сондай-ақ, Қазақстан бойынша құны 1,2 млрд АҚШ долларын құрайтын бірнеше келісімдер түзілгенін айта кету керек. Сондай тиімді келісімдердің біріне еліміздегі 200-ден астам дәрі-дәрмек шығарумен айналысатын «Химфарм» акционерлік қоғамы қол жеткізді. Елдегі осы саладағы жетекші кәсіпорын бұған дейін көрші Қырғызстан Әзербайжан, Түркіменстан, Монғолия сынды елдерге өз өнімдерін экспорттап келген болса, енді міне Өзбекстанға өз өнімін шығармақ.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да биыл 17 мың педагог біліктілігін арттырған
Оңтүстік Қазақстан облысында педагог кадрларды қайта даярлауда орасан зор жұмыстар атқарылып келеді. Нақтырақ айтқанда, биылдың өзінде 17 мың педагог біліктілігін арттырған. Сондай-ақ, облыстағы 15 аудан бойынша құрамына 352 мұғалім енген мобильді топтар құрылып, жұмыс атқарылуда. […]
«Газпром нефть» ОҚО-дағы битум өндіретін зауытты жаңғыртуда
«Газпромнефть» компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы битум өнімдерін шығару және сату бойынша еншілес мекемесі «Газпромнефть — Битум Қазақстан» мекемесі Төлеби ауданында қоспаларды металл бөшкелерге құюдың жаңа автоматты желісін іске қосады.Бұл еліміз бен жақын мемлекеттердің жол-құрылыс компаниялары […]
ОҚО-да жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 95 түлекке ЖОО-да тегін білім алуға жолдама берілді
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші 95 түлекке жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін жолдама берілді. Мектеп шәкірттерінің үлкен өмірге қадам басқалы отырған қуаныштарымен бөліскен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев […]
Пікір қалдыру