«Газпромнефть» компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы битум өнімдерін шығару және сату бойынша еншілес мекемесі «Газпромнефть — Битум Қазақстан» мекемесі Төлеби ауданында қоспаларды металл бөшкелерге құюдың жаңа автоматты желісін іске қосады.Бұл еліміз бен жақын мемлекеттердің жол-құрылыс компаниялары үшін ең қолайлы ыдыс. Бұл — Қазақстандағы битум зауытының технологиялық процесін жаңарту бағдарламасының маңызды кезеңі. Оның жүзеге асуы Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да елдердегі контрагенге деген сұранысты қамту үшін жылына 15 мың тонна өнімді құюға мүмкіндік береді.Қазіргі таңда өндірістік алаңда нарықта қажет етілетін БНД 60/90 және 70/100 маркалы базалық битум шығарылады, олардың сапасы ресей мен қазақстандық стандарттарға сай келеді. Дайын өнімді жөнелту құйылған, сондай-ақ металл бөшкелерге орап-түйілген күйінде іске асырылады. «Газпром нефть» битумын қолдана отырып, Оңтүстік Қазақстан жолдарының үштен бірі, оның ішінде ірі жол жобасының – «БатысЕуропа – Батыс Қытай» трансқұрылықтық дәлізінің автомобиль жолдары салынды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы керамика зауыты ел қажеттілігінің 50 пайызға жуығын толықтырады
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы керамика шығаратын «Зерде Керамика» зауыты Қазақстандағы керамикалық гранит өндіретін жалғыз зауыт болып табылады. Ол ел қажеттілігінің жалпы көлемінің 40%-ын толықтыратынын айта кету керек. Одан өзге, зауыт өнімдерінің бір бөлігін […]
ОҚО-да жаңа оқу жылында 73 мың бала 1-сыныпқа барады
Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы туралы баспасөз конфенциясында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібек мәлім етті. Оның айтуынша, білім күнінде облыста құрылыс жұмыстары аяқталған жаңа 20 мектеп ғимараты пайдалануға […]
ОҚО-да сауда орындарының басшыларымен бағаны негізсіз көтермеу жөнінде қол қойылған
Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Жұмашбековтың айтуынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс аумағындағы сауда орындарының басшыларымен бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар, ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесін өткізу […]
Пікір қалдыру