Айта кету керек, зауыт өткен 2016 жылмен салыстырғанда, тәуліктік өнімділікті 30 пайызға ұлғайтып, оның көлемі 700 тонна тұтқыр затқа жетті. 2017 жылдың нәтижесі бойынша зауыт жұмысшылары 200 мың тонна битумдық материал өндіруді жоспарлап отыр. Ал Қазақстанда битумдық өнімді тұтынудың жыл сайынғы көлемі – 550-650 мың тоннаға жуық.«Битумдық материалдардың жоғары сапасы мен логистикалық артықшылықтарына орай, «Газпром нефть» ЖШС-і жұмыс істеген 5 жыл ішінде Қазақстан нарығында танымал ойыншыға айналды. Өзіміздің Ресей алаңдарында битумдық материалдардың технологияларын әзірлеу мен өндіруде көпжылдық табысты тәжірибеге ие бола отырып, біз Қазақстанда активтерді тиімді басқару үшін үздік жетістіктерді белсенді қолданып келеміз. Жоғары сапалы битумды өндірумен қатар, орап-түю торабын дамыту бізге шалғай орналасуына қарамай, Қазақстан мен оған жақын орналасқан елдерде тұтынушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — дейді «Газпром нефть» ЖШС дирекциясының коммерциялық директоры Леван Кадагидзе.«Бұл Қазақстанда битумдық зауыттың технологиялық процестерін жаңғырту бағдарламасының маңызды кезеңі. Оны іске асыру Қазақстанда, Тәжікстанда, Қырғызстанда және басқа елдерде контрагенттерді қамтамасыз ету үшін жылына қосымша 15 мың тонна өнімді орап-түюді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Зауыттың географиялық орналасуы қазақ жол-құрылыс саласы үшін, сондай-ақ шетелдік тұтынушылар үшін битумдық материалдарды жөнелтуге мүмкіндік береді», — дейді ОҚО Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқарма басшысының орынбасары Қанат Сыдықов.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандар 5 жыл қажеттілікпен қамтамасыз етіледі
Бүгінгі таңда еліміздің солтүстік аймақтарында дәрігерлер мен фельдшерлер тапшы. Сонымен қатар, педагогтар мен ал ауыл шаруашылығы мамандары: механизатор, тракторист сынды жұмысшы тапқа да сұраныс жоғары.«Осы бағдарлама аясында біз бұл отбасыларға 35 айлық есептiк көрсеткiш ставкасы […]
Қазығұртта 185 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Қазығұрт ауданында 41 нысанның немесе 185 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 4 нысан — 87,1 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.Аталмыш жобалардың ішіндегі ірілеріне тоқталар болсақ, Қазығұрт […]
ШЫМКЕНТ: ЖОЛ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА!
Қала аумағындағы жол мәселесі алдағы бірнеше жылда кезең-кезеңімен шешімін табады. Шымкенттің құрамына енген 41 елді мекеннің де инфрақұрылымы қайта қаралады. Миллионды қаладағы жолды жөндеу жұмыстарына биыл қазынадан 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қомақты […]
Пікір қалдыру