Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы туралы баспасөз конфенциясында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібек мәлім етті. Оның айтуынша, білім күнінде облыста құрылыс жұмыстары аяқталған жаңа 20 мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Ал оның 6-уы жаңадан ашылып, өңірдегі орта мектептің саны 1021-ден 1027-ге жетіп отыр. Сондай-ақ, ол 7 жекеменшік мектеп жұмыс істейтіндігін атап өтті.Баспасөз конференциясында мәлім болғандай жалпы облыста 79 білім беру нысандарының құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Оның жыл басынан бері 7-уі тапсырылса, 22-сі жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал қалған 58-і келер жылға өтпелі. Осының нәтижесінде осы жылы 8 апатты және 12 үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі. «Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Өңірдегі 1034 мектепте жаңа оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы білім алады деп күтілсе, оның 73 мыңы бірінші сыныпқа барады деп жоспарлануда», — деді Ұ.Сәдібеков.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-дағы Сайрам ауданында 52 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында 52 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Ал егістік көлемі 49 мың гектарға жетіп, тамшылатып суару әдісі 624 гектарда қолданылуда. Бұл жетістіктерді алдағы жылда да арттыра түсу үшін, ауданың потенциалын […]
ОҚО-да келер жылы 300 мың адам атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмақ
Оңтүстік Қазақстан облысында 2018 жылы жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек 300 мыңға жуық адамды қамтиды деп жоспарланып отыр. Келер жылы жұмсалатын қаржы көлемі үш есеге өсіп, 18 млрд теңгені құрамақ. Өңірде әлеуметтік көмектің жаңа сипатына […]
ОҚО-да мейірбикелер марапатталды
12 мамыр – Халықаралық Мейіргерлер күніне арналған мерекелік іс-шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбеков, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Жантөреева, «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрайымы Р.Ағниязова […]
Пікір қалдыру