2017 жылғы 1 — маусымға Оңтүстік Қазақстан облысы халқының саны 2 894 816 адам, соның ішінде қалалық жерде 1 317 031, ауылдық жерде 1 577 785 адамды құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 1 пайызға немесе 28 448 адамға артып отыр. Бүгін бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлім етті.«Республика бойынша біздің облыс туу мен табиғи өсімі көрсеткіштері бойынша 1- орында. Ағымдағы жылдың бес айында облыс туу бойынша республика деңгейінде алдыңғы қатарында көрінді. Оның үлесі 20,2 пайызды немесе 31 409 баланы құрады. 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында 1000 қыз балаға 1 076 ұл бала туылды. Бұл жерде ұл балдардың көп туылу тенденциясы сақталуда»,- деді Айдар Ахметбекұлы. Халықтың жалпы санының өзгеруі тікелей табиғи өсім, яғни халықтың туылғандар мен өлгендер санының өзгеруі және көші-қон өсімі әсер етеді. Облыста 2017 жылғы қаңтар-мамыр айларында халықтың табиғи өсімі 25 234 адамды құраған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да мәслихат депутаттары «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды
ОҚО әкімдігінде өткен мәжіліс барысында облыс әкімі Ж.Түймебаев салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен облыстық мәслихаттың депутаттары Серікжан Сейтжановты, Дәурен Ахметовты, Жамалбек Шәріпбек пен Нұралы Әбішевті, Талғат Баймаханов және Уалихан […]
ОҚО-да «Нұрлы жол» бағдарламасымен 53 шақырым жылу жүйесі қайта құру және ағымдағы жөндеуден өтіп жатыр
ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым, журналистерге берген баспасөз жиынында орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің жайына тоқталды. Айтуынша, осы жылдың 1 қарашасына дейін 2327 көпқабатты […]
ОҚО СЕЙСМИКАЛЫҚ ӨҢІРЛЕРІНДЕ САМАН ЖӘНЕ ҚАМ КІРПІШТЕН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігі 2.03-30-2006 ҚР ҚНжЕ-не сәйкес, сейсмикалық аудандарға жатады және құрылыс алаңшаларының сейсмикалығы 7-8 балды құрайды. Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарда жеке тұрғын үй құрылысы міндетті түрде жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Жеке […]
Пікір қалдыру