ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым, журналистерге берген баспасөз жиынында орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің жайына тоқталды. Айтуынша, осы жылдың 1 қарашасына дейін 2327 көпқабатты тұрғын үй орталық қазандыққа қосылуы тиіс екен. Қазіргі таңда, 1150 тұрғын үй жылу беруге дайын болса, мұның үлестік салмағы 49 пайызға тең болып отыр.Сонымен қатар, тағы бір айта кететін жәйт, тілшілермен болған кездесуде анықталған бір ақпар, сала мамандары «Нұрлы жол» бағдарламасы және облыстық бюджет қаржысы арқылы орталықтандырылған жылу құбырларының 31 шақырымын (барлығы 58,3 шқ.) қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізіп жатыр екен. Мұнан өзге, орталықтандырылған ауыз су құбырларын қайта құру жұмыстарына келсек, жөндеуден өтуі тиіс 75,3 шақырым су құбырының қазіргі таңда 50,4 шақырымы (67%) жұмысқа сақадай сай көрінеді. Жұмыстарды аяқтау қазан айының 15-не жоспарланып отыр екен.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО тұрғындарының 90 пайызы ауыз сумен қамтылған
Оңтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендердің 73,2 % ауыз сумен қамтылған. Яғни, жергілікті халықтың 90 % бүгінде таза су ішіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Республикада оңтүстік 4 орында тұр. Осыған байланысты арнайы бағдарлама қабылданып жатыр. Алдағы […]
ОҚО-дағы керамика зауыты ел қажеттілігінің 50 пайызға жуығын толықтырады
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласындағы керамика шығаратын «Зерде Керамика» зауыты Қазақстандағы керамикалық гранит өндіретін жалғыз зауыт болып табылады. Ол ел қажеттілігінің жалпы көлемінің 40%-ын толықтыратынын айта кету керек. Одан өзге, зауыт өнімдерінің бір бөлігін […]
ОҚО-да бір жарым мыңға жуық оқушы «Алтын белгіден» үмітті
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде селекторлық мәжіліс өтті. Облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы жетекшілік еткен жиын барысында баяндама жасаған облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Ергашованың айтуынша, облысымыздағы 1429 түлек «Алтын белгі» белгісіне, 852 бітіруші үздік […]
Пікір қалдыру