Отырар ауданы әкімінің кезекті аппарат жиыны болып өтті. Күн тәртібінде өзекті деген төрт мәселе қаралды. Мәжіліс төрағасы, аудан әкімі Ерлан Айтаханов бірінші болып ауданның әлеуметтік экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуы туралы және жергілікті өзін – өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы Р.Бекқұлының есебін тыңдады. Үшінші мәселе бойынша Т.Шохаев нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың барысы жөнінде баяндады. «Тазалық — денсаулық кепілі» демекші ауыл мен аулалардың тазалығы өзімізге керек. Осы мәселе жөнінде аудан көлемінде күл-қоқыс қалдықтарын тастайтын орындардың (полигондар) қазіргі жай-күйі және оларды ретке келтіру жұмыстары туралы А.Құдайберген айтып өтті. Аудан басшысы мамандардың есебін мұқият тыңдай келе, атқарылған жұмыстардың кемшін тұстарын атап өтіп, осы мәселелерге жауапты ауыл әкімдері мен сала басшылары кемшіліктерді уақыт оздырмай түзетулері керек екенін баса айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарлықтар «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай ауданның инфроқұрылымын жөндеп жатыр
Биыл Елордамыза өтетін «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне әлем назары ауып отыр. Осыған орай, көрме қарсаңында шет елдік туристер мен мәртебелі меймандар Отырар ауданына да ат басын бұрады деп күтіліп отыр. Қазіргі таңда туристік аймаққа жататын ауданымызда […]
Оңтүстік жастары Отырарда ат ерттеп, түйе сауудан сынға түсті
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау және жүзеге асыру мақсатында «Ауылдағы бір күнім» жобасы өтті. Қала жастарынан құрылған 5 команда ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, […]
Терең тарихтан – жарқын болашаққа
2017 жыл Түркі халықтарының басын біріктіретін «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының шешімімен Түркістан қаласы – «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жарияланғаны белгілі. Аталған жоба Түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастырып, түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ, ортақ мәдениет […]
Пікір қалдыру