Отырар ауданы әкімінің кезекті аппарат жиыны болып өтті. Күн тәртібінде өзекті деген төрт мәселе қаралды. Мәжіліс төрағасы, аудан әкімі Ерлан Айтаханов бірінші болып ауданның әлеуметтік экономикалық даму индикаторлық көрсеткіштерінің орындалуы туралы және жергілікті өзін – өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы Р.Бекқұлының есебін тыңдады. Үшінші мәселе бойынша Т.Шохаев нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың барысы жөнінде баяндады. «Тазалық — денсаулық кепілі» демекші ауыл мен аулалардың тазалығы өзімізге керек. Осы мәселе жөнінде аудан көлемінде күл-қоқыс қалдықтарын тастайтын орындардың (полигондар) қазіргі жай-күйі және оларды ретке келтіру жұмыстары туралы А.Құдайберген айтып өтті. Аудан басшысы мамандардың есебін мұқият тыңдай келе, атқарылған жұмыстардың кемшін тұстарын атап өтіп, осы мәселелерге жауапты ауыл әкімдері мен сала басшылары кемшіліктерді уақыт оздырмай түзетулері керек екенін баса айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарлықтар ер Төлегенді еске алды
Отырар ауданында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, КСРО-ның еңбек озаты Төлеген Омаровты еске түсіруге арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өз мәресіне жетті. Биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жарысқа 2004-2005 және 2006-2007 жылы […]
Отырарда жылуға жауаптылардың есебі тыңдалды
Отырар ауданының 2017-2018 жылғы жылу беру маусымына дайындық шаралары туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов баяндады. Жылыту маусымына дайындық жұмыстарына әр мекеме басшылары мен ауыл […]
Отырарда өткен қала жастарының ауылдағы күндері: сайыс жеңімпаздары марапатталды
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық кодты сақтау және жүзеге асыру мақсатында «Ауылдағы бір күнім» жобасы өтті. Қала жастарынан құрылған 5 команда ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, […]
Пікір қалдыру