Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен келелі жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев, күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан денсаулық сақтау нысандарының құрылысы барысын жайлы өңір басшысына баяндады.Сонымен қатар, жиын барысында қысқы маусымға дайындық барысы да кеңінен талқыланды. Осыған орай, әсіресе білім ұялары мен әлеуметтік нысандардың қысқа әзірлігіне жіті мән берілуі керектігі айтылды. Қазіргі таңда, жалпы облыстағы 3209 бюджеттік мекемелер бар болса, соның алдағы жылу маусымына дайындалғаны 2677-іні құрап отырғанын айта кеткен жөн. «Жылу маусымына дайындық жұмыстары 25-тамызға дейін толық аяқталуы керек. Жылыту маусымына қажетті көмір, сұйық отын, мазут секілді қажеттіліктер осы айдың соңына дейін жинақталып, қорда тұруы тиіс. Бұл ретте аудан-қала басшылары мен тиісті сала басшылары апталық есеп беріп отыратын болады», — деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі Ғ.Әбдірахымовтың жаңа қызметіне табыс тіледі
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласы әкімі қызметін атқарған Ғ.Әбдірахымовты қабылдап, абыроймен атқарған қызметі үшін жылы лебізін білдірді. Аймақ басшысы бар күш-жігерін, қаланың экономикасын дамытуға арнап, білікті ұйымдастырушы ретінде көзге түскен Ғабидолла Рахматұллаұлына облыс […]
ОҚО әкімі: Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару – Отан алдындағы ер азаматтың асыл және абыройлы парызы
Шымкент қаласындағы «Орталық» саябақта 7 мамыр – «ҚР Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған салатанатты шарада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңір жұрты менжауынгерлердіОтан қорғаушылар күнімен және Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне – 25 жыл толуымен […]
ОҚО әкімі: Аудан-қала әкімдері тиісті индикаторларды толық орындауы қажет
ОҚО-да қоғамдық қауіпсіздікті қамту мақсатында ішкі істер департаментіне бюджеттен бөлінген қаржы көлемі жыл сайын ұлғайғанымен салаға қатысты бірнеше индикаторлардың орындалмауы байқалады. Атап айтқанда, жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлесінің жоспары 3,4 пайыз болса, нақты 9 айда – […]
Пікір қалдыру