Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен келелі жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев, күрделі және ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан денсаулық сақтау нысандарының құрылысы барысын жайлы өңір басшысына баяндады.Сонымен қатар, жиын барысында қысқы маусымға дайындық барысы да кеңінен талқыланды. Осыған орай, әсіресе білім ұялары мен әлеуметтік нысандардың қысқа әзірлігіне жіті мән берілуі керектігі айтылды. Қазіргі таңда, жалпы облыстағы 3209 бюджеттік мекемелер бар болса, соның алдағы жылу маусымына дайындалғаны 2677-іні құрап отырғанын айта кеткен жөн. «Жылу маусымына дайындық жұмыстары 25-тамызға дейін толық аяқталуы керек. Жылыту маусымына қажетті көмір, сұйық отын, мазут секілді қажеттіліктер осы айдың соңына дейін жинақталып, қорда тұруы тиіс. Бұл ретте аудан-қала басшылары мен тиісті сала басшылары апталық есеп беріп отыратын болады», — деді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі жауаптыларға жергілікті бюджеттен арнайы бағдарлама ашып тұрғын үйлерге сеймонығайту жұмыстарын жүргізуді тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым баяндама жасады. Оның айтуынша, жалпы облысымызда 3253 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның бүгінде 1393-і күрделі, 1035-і […]
Төлебилік мектептер жылу маусымына дайын
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы білім ұяларының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Биыл облыстық бюджет есебінен Алғабас, Бірінші Мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінде оқу блогы, асхана, еңбек шеберханасы, […]
ОҚО әкімі Түркістан қаласында салынған жаңа емхананың лентасын қиды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы сапармен Түркістан қаласында болып бірнеше әлеуметтік нысандардың ашылу салтанатына қатысты. Аймақ басшысы алдымен Түркістан қаласына қарасты Шорнақ ауылдық округінің орталығындағы ауысымына 100 науқас қабылдайтын емхананы ашты.«Облысымызда соңғы бес […]
Пікір қалдыру