2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келгенін айта кеткен жөн. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 50%-ға көп. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының өкілдері хабарлады.Сонымен қатар, сырт елдерден келген шетелдік туристерді ежелгі Түркістан, Отырар аудандарының тарихи орындары қызықтырып, олар көбінесе Арыстан баб және Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін аралап жүргенін айта кеткен жөн. Шетелдік меймандардың біразы Оңтүстікке «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында келіп жатыр. Күні бүгінге дейін шара шеңберінде күнгейге де келіп-кетуді ұйғарған туристердің ішінде Қытай, Үндістан және Сингапур елінің азаматтары да бар. Өңірдегі тарихи орындар, сәулеттік құрылымдар мен ескерткіштерді тамашалау үшін шетелдік қонақтар оңтүстікте бірнеше күн жүргенін айта кетейік.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да өтіпжатқан ақын И.Сапарбай әндерінің республикалық байқауында 45 үміткер бақ сынады
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және мемлекеттік «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Исраил Сапарбайдың 75 […]
ОҚО-да 22 кәсіпкер кооператив ашуға ниет білдірді
Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативтер құру бағдарламасы бойынша «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвистициялық орталығы бір айға жуық уақыт аралығында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды. Жиналыс барысында облыстың барлық аудан және қалалары қамтылып, кооперативтерді құру, қаржыландыру және субсидиялау бойынша түсіндіру жұмыстары […]
ОҚО-да биылғы жылдың I тоқсанында халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 40 мың теңгеден асқан
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың I тоқсанында халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 41 069 теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға өскен. Ал нақты ақшалай табыс 6,7 пайызға […]
Пікір қалдыру