2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келгенін айта кеткен жөн. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 50%-ға көп. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының өкілдері хабарлады.Сонымен қатар, сырт елдерден келген шетелдік туристерді ежелгі Түркістан, Отырар аудандарының тарихи орындары қызықтырып, олар көбінесе Арыстан баб және Қожа Ахмет Яссауи кесенелерін аралап жүргенін айта кеткен жөн. Шетелдік меймандардың біразы Оңтүстікке «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында келіп жатыр. Күні бүгінге дейін шара шеңберінде күнгейге де келіп-кетуді ұйғарған туристердің ішінде Қытай, Үндістан және Сингапур елінің азаматтары да бар. Өңірдегі тарихи орындар, сәулеттік құрылымдар мен ескерткіштерді тамашалау үшін шетелдік қонақтар оңтүстікте бірнеше күн жүргенін айта кетейік.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да биыл 121 нысанның құрылысы бітіп, пайдалануға берілмек
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде аймақ көлеміндегі құрылыс және жобалау жұмыстарының барысы бойынша мәжіліс өтті. Отырысқа ҚР Парламентінің Сенатына депутат болып өңірімізден жақында сайланған Әлімжан Құртаев қатысты. Саладағы жұмыстардың атқарылу барысын баяндаған […]
ОҚО әкімі «Оңтүстік», «Тассай», «Бадам» индустиялды аймақта орналасқан кәсіпорын басшыларымен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірдегі іскер азаматтармен кездесті. Жиынға Шымкент қаласындағы «Оңтүстік», «Тассай», «Бадам» индустиялды аймақтарында орналасқан 60-тан астам шағын және орта бизнес өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары […]
ОҚО-да су тасқынын болдырмау үшін көптеген жұмыстар жасалынып жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүруде. Көктемгі тасқын судың алдын алу бойынша аудан, қала әкімдіктері мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бірлесе Сарыағаш және Мақтарал аудандарында, Сырдария өзенінде қауіптің […]
Пікір қалдыру