Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде аймақ көлеміндегі құрылыс және жобалау жұмыстарының барысы бойынша мәжіліс өтті. Отырысқа ҚР Парламентінің Сенатына депутат болып өңірімізден жақында сайланған Әлімжан Құртаев қатысты. Саладағы жұмыстардың атқарылу барысын баяндаған облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтың мәліметінше, 2017 жылы өңірде құрылысы жоспарланған 196 нысанның 121-ін пайдалануға тапсыру көзделсе, қалғаны келер жылға өтпелі екен. Ел игілігіне берілетін нысандардың 29-ы білім беру нысаны болса, 34-і денсаулық сақтау, 1-уі әлеуметтік қамту, 3-уі мәдениет саласына байланысты, ал 42 нысан 61 тұрғын үй ғимараттарына жатады. Сонымен бірге, 8 объекті инженерлік инфрақұрылымға, 1 нысан моноқалаға, 1-уі ауыл шаруашылығы, 1-уі абаттандыру саласына қатысты және 1-уі қоршаған ортаны қорғау нысандарына жататын ғимараттар болып табылады. Ал жыл басынан бері осы 121 нысанның 15-і қолданысқа берілген. Олардың 5 нысаны білім беру объектісі, 4-уі денсаулық сақтау, 1-уі әлеуметтік қамту, 1-уі тұрғын үй болса, 1-уі қоршаған ортаны қорғау және 3-уі инженерлік-коммуникациялық нысандар.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада оңтүстікқазақстандық 600 домбырашы бір мезетте «Балбырауын» күйін тартты
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілгендей туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, Отан-ана мен сарабдал саясатты елдің асқақ өмірін насихаттауға мақсатында дүниеге келген Н.Бейсеқожаевтың «Нұрлы жол» күйі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы ұлт-аспаптар оркестрі, […]
ОҚО-да «Үкілі үміт» байқауы өтті
Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Үкілі үміт» мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық өнер байқауы мен қылқалам шеберлерінің көрмесі өтті. Байқаудың мақсаты-мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, […]
ОҚО-да келер жылы маңызды 320 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат отырысында қаралған 20 мәселенің барлығын байыппен тыңдаған облыс әкімі Ж.Түймебаев бүгінгі сессияда облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайына едәуір ықпал жасайтын мәселелер талқыланғанын және өңірдің даму жолындағы туындап жатқан мәселелерге бей-жай қарамай, […]
Пікір қалдыру