«Астана – ЭКСПО 2017» мамандандырылған көрмесіне барған оқушыларға бес күндік бағдарлама бекітілген. Онда балалар жол жүру билеттері мен 4 мезгіл тамақпен тегін қамтылды. Ал көрмеге барып, игі бастамаға қатысып қайтқан шәкірттердің білім мен ғылымға, қоғамға деген құрмет-құштарлығы еселенгенін байқауға болады. «Үлкен қобалжу үстіндемін. Күнгейден көрмеге келу – мен үшін мәртебе! Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын! Халықаралық мәдени шарада шетелдік өнертапқыштардың жетістігімен танысып, жаңа технологияның кең мүмкіндіктерін сараладым. Болашақта менің де ғалым болғым келеді. Елімнің игілігі үшін ғылыми зерттеулер жүргізіп, дамыған елдермен тереземіз тең болуы жолында қызмет ету – мақсатым», — дейді Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейінің оқушысы Әсел Мүсіретәлі. Айта кетейік, EXPO-2017 халықаралық көрмесіне жолдама оқуда озат болған оқушыларға ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына да табысталған. 1650 шәкірт үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы қаралса, 2000 балаға ата-аналары мен жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады. Яғни, әзірге 2250 шәкірт айтулы көрмені тамашалап қайтқан болса, қалған 1400 оқушы ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін Елордамызға барып, мәдени шараны көзбен көрмек.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да өткен «Қайырымдылық-қайырлы іс» форумында жиналған қаржы кімдерге берілді?
Оңтүстікте 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өткізілген болатын. Шара барысында арнайы қойылған жәшікке кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерден, қоғам белсенділерінен 4 миллон […]
ОҚО-да жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 180 мыңға жуықтады
Бүгінгі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 178,7 мың бірлікті құраса, бұларға жұмыспен қамтылғандар саны 331,5 мың адамды құрады. Ал осы жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің […]
ОҚО-да «Туған жерім» тақырыбында шығармалар байқауы бастау алды
«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру мен түсіндіру жұмыстары аясында халық арасында қазақстандық мемлекеттілік пен отансүйгіштікті […]
Пікір қалдыру