Бүгінде Шымкент қаласынан Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне оқушылардың тоғызыншы легі аттанып кетті. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер маман бекітілгенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, Астанаға жеткен соң оқушылар Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев оқу орнының жатақханасына жайғасады. Ас мәзірі де аталған оқу орнының асханасында үлестіріліп жатыр екен. Оңтүстіктен барған оқушылар Елордаға жасаған саяхаттың алғашқы күнінде белсенді топ көрменің басты нысаны – «Нұрлы әлем» ұлттық павильоны, сондай-ақ, шетелдіктердің ұсынған заманауи технологиясының жаңа жетістіктерін тамашалап, энергия-қуат күшін алатын тың жоба – жеке аймағымен танысатын болады. Ал, екінші күнінде Астанамыздың бірқатар мәдени ошақтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Бейбітшілік және Келісім сарайына барады. Мұнан өзге, «Астана-Бәйтерек» монументалды ғимараты, «Президент» саябағы секілді ауқымды нысандарды аралайды.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жылына 1 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда
Қазірде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 87 214 адам пәтер алу кезегінде тұр. Олардың мәселесін шешу мақсатында біз жылына түрлі қаржы көздерін, оның ішінде мемлекеттік жеке меншік әріптестік механизмын пайдалана отырып, жылына 1 миллионнан кем емес шаршы метр […]
ОҚО-да «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері әліпбидің біріңғай стандартын талқылады
«Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік тілді латын қаріпіне көшіру және әліпбидің біріңғай стандарты талқыланды. Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасовтың айтуынша, латын […]
Оңтүстікқазақстандықтар «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 558 пәтерге қол жеткізбек
Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі ОҚО филиалы мамандары 20 қыркүйектен бастап «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 558 пәтерге дауыс беру басталғанын хабарлайды. Соғылып жатқан баспаналар жергілікті атқару органдарының бағыты бойынша сатып алушылар пулына өтініштерді қабылдау […]
Пікір қалдыру