ОҚО әкімі «Оңтүстік», «Тассай», «Бадам» индустиялды аймақта орналасқан кәсіпорын басшыларымен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірдегі іскер азаматтармен кездесті.

Жиынға Шымкент қаласындағы «Оңтүстік», «Тассай», «Бадам» индустиялды аймақтарында орналасқан 60-тан астам шағын және орта бизнес өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары Б.Жамалов, тиісті сала басқармаларының басшылары, «Оңтүстік» индустриялды аймағы дирекциясының өкілдері қатысты.

Басқосуда өңір басшысы кәсіпкерлерге қолдан жасалатын кедергілер жойылып, бюрократияға жол берілмеу керектігін айтты.

«Өңірдің өндірісін көтеріп және облыс экономикасының дамуына орасан үлес қосып отырған осы шағын және орта кәсіпкерлік саласы. Бүгінде кәсібін дөңгелетемін деген әрбір кәсіпкерге мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Өздеріңіз кәсіпорын ашып отырған индустриялды аймақта Елбасының бастамасымен қолға алынған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында құрылған»,-деді әкім.

Бизнес өкілдерімен болған кездесуде отандық өндірісті дамыта отырып, сыртқы тауарды қыстарту және экспортты ұлғайту мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, индустриялды аймақта орналасқан кәсіпорындар аумағын көгалдандыру мен бос жатқан жерлерді игеру жайы да қаралды. Онда облыс әкімінің орынбасары трансформатор шығаратын «Asia Trafo» кәсіпорыны өз қаржысы есебінен «Тассай» индустриалды аймағында шағын бау егетінін айтып, өзгелерге үлгі етті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*